Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы стратегиялық салалардағы әріптестік базасы кеңейтілді. Ең алдымен, Стратегиялық әріптестік туралы келісім жаңартылып отыр. Оған қоса, тараптар мемлекеттік шекараны демаркациялау бойынша келісімге қол қойды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Жұмабек Сарабеков айтты, деп хабарлайды Baq.kz.
Оның пікірінше, Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтың Қазақстанға сапары өте жемісті болды.