Европа

26 August 2016
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сербияға барып, бірқатар мемлекетаралық келісімге қол қойды. Сонымен бірге, еліміздің тарапынан Сербияның Еуразия экономикалық одағы елдері аумағына Fiat маркалы автокөлігін бажсыз экспорттау ниетіне қолдау көрсетілді. Негізі Белград Қазақстанмен еркін сауда жөнінде (2010 ж.) және Ресеймен (2000 жылғы Югославия Одақтық Республикасымен келісім), Беларусьпен (2009 ж.) екі жақты келісімге қол қойған. Алайда олардың мәтінінде аздаған айырмашылық бар. Ал Армения және Қырғызстанмен мұндай келісім жоқ.