ӘЭСИ туралы

Институт туралы

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының жанындағы әлемдік экономика және саясат Институты (ӘЭСИ) 2003 жылы құрылған. ӘЭСИ қызметі әлемдік экономика, халықаралық қатынастар, геосаясат, қауіпсіздік, интеграция мен еуразияшылық мәселелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің қызметін, оның Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде құру мен нығайтудағы, халықаралық ынтымақтастық пен бейбіт өмірге және тұрақтылыққа қосқан үлесін ғылыми зерттеуге бағытталған.

ӘЭСИ өз қызметінде тәуелсіз сипаттағы зерттеулер жүргізу мен белсенді түрде қоғамдық талқылауларға қатысуды, сонымен бірге Қазақстандағы трансформациялану процесстеріне жүйелі түрде ат салысуды үйлестіреді. Институттың тәуелсіз қоғамдық мәртебесі оған елдің ұлттық мүдделерін анықтау және қоғам назарына жеткізу үдерісіне қатысуға мүмкіндік береді.

ӘЭСИ келесі негізгі бағыттар бойынша зерттеулер жүргізеді:

  • қазіргі заманның ғаламдық мәселелері және олардың Қазақстан мен басқа да транзиттік мемлекеттерге ықпалы;
  • әлемдік экономикалық динамика мен әлеуметтік-саяси үдерістерді талдау және болжам жасау;
  • халықаралық, аймақтық және ұлттық қауіпсіздік мәселелерін зерттеу;
  • Қазақстандағы саяси, экономикалық, әлеуметтік және құқықтық мәселелер, мемлекеттің әлемдік қоғамдастықтағы жағдайын зерттеу;
  • Орталық Азия, Ресей, Қытай, АҚШ, Еуропалық Одақ, Жапония мемлекеттері мен басқа да елдердегі экономикалық, саяси және әлеуметтік үдерістерге сараптама жасау;
  • халықаралық-саяси зерттеулер;
  • халықаралық салыстырулар.

ӘЭСИ қызметінің өзге де бағыттары:

  • Қазақстан Республикасы туралы ел ішінде және шетелдерде шынайы ақпарат тарату;
  • теориялық және қолданбалы ғылыми зерттеулер нәтижелерін, ғылыми журналдар, мерзімді басылымдар мен мониторингтар жариялау;
  • конференциялар, семинарлар, қоғамдық пікірталастар өткізу;
  • халықаралық ғылыми жобаларды жүзеге асыру;
  • жақын және алыс шетелдік жетекші ғылыми, сараптау мекемелерімен халықаралық байланыстар мен әріптестік орнату;
  • халықаралық ынтымақтастық, бейбітшілік және тұрақтылыққа ат салысу.