«Орталық Азия-Қытай» форматындағы өзара ықпалдастық келешегін талқылау

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтында (ӘЭСИ) «2017 жылдың мамыр айында өткен «Белдеу мен жол» форумының қорытындасы аясында Орталық Азия мен елдері мен Қытай арасындағы ықпалдастықтың келешегі» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстан елдерінің сарапшылары, ӘЭСИ аналитиктері, сонымен қатар, Қазақстанның алдыңғы қатарлы мамандары қатысты. Олардың қатарында: ӘЭСИ директоры Ержан Салтыбаев, ӘЭСИ Алматы кеңсесінің жетекшісі Асқар Нұрша, «Еуразиялық зерттеулер» бағдарламасының жетекшісі Руслан Изимов бар.

Шараға Қырғыз Республикасы Ұлттық стратегиялық зерттеулер институтының (ҚР ҰСЗИ) директоры Азамат Диқамбаев, Тәжікстан Республикасының Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының (СЗИ) анализ және болжам басқармасының басшысы Абдулло Хаким, тәуелсіз сарапшы Бахтиер Эргашев (Өзбекстан), ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері Константин Сыроежкин және тағы басқалар қатысты.

ӘЭСИ директоры Е.Салтыбаев өзінің сөзінде Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы серіктестіктің маңызды мәселелерін талқылау дөңгелек үстелдің күн тәртібінде тұрғанын атап өтті.

- Бүгін қытайлық «Белдеу мен жол» бастамасының жүзеге асуы барысында Қытай-Орталық Азия форматындағы қарым-қатынастар кеңеюде. Орталық Азия аймағының барлық елдері шығыстағы көршімен тығыс ықпалдастықта. Аймақ елдері алдында жаңа мүмкіндіктер ашылып, экономикалық және көлік-инфрақұрылымдық дамуға серпін беруде. Сонымен бірге, аталмыш басманы жүзеге асыру аясында Орталық Азияда түбегейлі жаңа геоэкономикалық жағдайды қалыптастыру түрлі қатерлер мен мүмкігдіктерді саралайтын сарапшылық талдауға мұқтаж, - деді Е.Салтыбаев.

ӘЭСИ директоры атап өткендей, «Жібек жолының қайта жаңғырту стратегиясы» аясында ортаазиялы-қытайлық қарым-қатынастың жаңа серпілісі байқалды. Алғаш рет Жібек жолы бойындағы Экономикалық белдеу ретінде қарастырылған бастама бүгінде «Бір белдеу – бір жол» атты бірегей концепцияға айналды.

Аталмыш концепцияның мақсаты ауқымды және тек Орталық Азиямен ғана шектелмейді. Алайда Пекинде өтекен форум қорытындысы бойынша алып қарасақ, «Бір белдеу – бір жол» бастамасының ортаазиялық бағыты Қытай үшін басым бағыттардың бірі болып табылады.

Аз уақыттың ішінде, 2013 жылдың соңынан бастап, БББЖ стратегиясында көрсетілген бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру аясында үлкен өзгерістер орын алды. Қытайдың өзінде бұл уақыт аралығында Орталық Азияға және тұтас Жібек жолын зерттеуге негізделген 50 астам ғылыми-зерттеу орталықтары құрылды. Аймақтағы елдердің өзінде бұл бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталған тұтас мемлекеттік және жеке бағдарламалар пайда болды. Алайда, Ортаазиялық аймақтағы елдірдің Қытаймен қарым-қатынасқа деген көзқарастары әркімде әрқилы.

Осы негізге сүйене отырып, Е.Салтыбаев атап өткендей, аталмыш ғылыми-тәжірибелік форумның басты мақсаттарының бірі Орталық Азияның төрт елі форматындағы «уақытты теңгеру» болып табылады.

Қырғызстан өкілі, ҰСЗИ директоры А.Диқамбаев Пекинде өткен «Белдеу мен жол» форумына қатысты өз ойын айтып, қырғыз-қытайлық серіктестіктің келешегі туралы сөз қозғады. Ол өз сөзінде  «Бір белдеу – бір жол» бастамасының көрегендік пен ұзақ мерзімділік секілді сипаттарына назар аударды. А.Диқамбаевтың пікірінше, бұл сипаттар қытай билігінің бастаманы тікелей жүзеге асыратын түрлі институттар мен механизмдерді құрғандығымен байланысты.

Жалпы алғанда, сарапшының пікірінше, түрлі факторлардың ықпал ету әсерінен, соның ішінде АҚШ пен өзге де ірі мемлекеттер саясаты, Еуразиядағы серіктестік нығая бермек. Бұл тұрғыда «Белдеу мен жол» бастамасы ресейлік бастамалармен үндестігі жағынан өте өзекті болады деп күтілуде.

Сарапшы сондай-ақ, Қырғызстан «Білдеу мен жол» қытайлық бастамасын қарастыру кезінде Қырғызстан мен Қытай арасындағы қауіпсіздік, көлік саласындағы жобаларды дамыту, сонымен қатар, гуманитарлық серіктестік секілді мәселелерге басым көңіл бөлетінін айтты.

Орталық Азияның болашағы туралы айтқанда, қырғыз сарапшысы келесідей сұрақтар қойды: «Барлық аймақтың тәртібі қандай? Нақты айтқанда, біз географиялық көзқараспен алып қарағанда біртұтаспыз ба? Аймақтың диалог ұстанымын сақтап қалу керек: ашықтық пен серіктестік» - деді А.Диқамбаев.

Қазақстандық қытайтанушы К.Сыроежкиннің айтуынша, «Белдеу мен жол» бастамасы пайда болғалы Қытайдың Орталық Азиядағы стратегиясы қатты өзгерді. Маман қытайлық бастамаса ең алдымен Қытайдың белгілі бір мемлекеттермен серіктестік орнатудағы геосаяси тұжырымдама болып табылатынын атап өтті.

К.Сыроежкин 2015 жылы Қытайда «Белдеу мен жол» бастамасының мақсаттары мен бағыттары туралы баяндама жарық көргеннен кейін бірқатар жағдай анықталғанын атап өтті:

- бастама ең әуелі ҚХР батыс аймақтарын тартуға бағытталған;

- бұл тек геосаяси бастама. Осы уақытқа дейін Қытайда «Белдеу мен жол»  бастамасының экономикалық негізі туралы ғалымдардың толыққанды жұмыстары жарыққа шықпады;

- бұдан былай Қытай барлық жобаларға демеушілік жасамай, қаржыландыратын жобаны мұқият таңдайтын болады;

- Қытайдың «Белдеу мен жол» бастамасы әбден ойластырылған ұлттық бағдарламасы бар елдерде ғана тиімді жұмыс істейді. Бұның жарқын үлгісі «Нұрлы жол» бағдарламасы бар Қазақстан болып табылады. Аталмыш бағдарламаның бағыттарым мен мақсаттары БББЖ бастамасының ұстанымдарымен үндес келеді. Бұл бағытта Өзбекстанда да өндірістің даму бағдарламасы аясында Қытаймен серіктестік қарқынды түрде жүргізілуде, - деді К.Сыроежкин.

ҚСЗИ сарапшысы, сондай-ақ, Орталық Азия елдерінің БББЖ бастамасына қатысуына байланысты кейбір түйткілді мәселелерді де атап өтті. «Қытайдың өндірістік кәсіпорындарын Қазақстан мен Қырғызстан аумағына шығаруы үлкен мәселе болып табылады. Кәсіпорындармен бірге қытайдың жұмысшылары да келеді, себебі, бізде мамандандырылған жұмысшылар күші көп емес. Бұл бағытта қытайлық жұмысшылардың аймаққа келуі қалай қабылданатыны – жан-жақты мәселе» - деді сарапшы.

Тағы бір талқыланбаған өзекті мәселе бар: ЕАЭО мен БББЖ қалай түйіндеседі? Әзірге, бұл сауалға нақты жауап жоқ, себебі, Ресей де, Қытай да бұл мәселеге қызығушылық танытып жатқан жоқ – деп қорытындылады сөзін К.Сыроежкин.

ӘЭСИ өкілі Р.Изимов өз баяндамасында Пекинде өткен «Белдеу мен жол» Форумының негізгі қорытындыларына сараптама жасау негізінде Қазақстан мен Қытай серіктестігінің келешегі туралы сөз қозғады. Оның сөзінше, 2017 жылдың мамыр айында өткен «Белдеу мен жол» форумы кезекті рет Қытайдың әлемдегі өзгерген рөлін көрсете білді. Аз уақыттың ішінде ешкімге белгісіз Жібек жолының экономикалық белдеуі идеясы Еуразияның көптеген елдерінің Қытаймен серіктестік орнатуына септігін тигізетін үлкен бастамаға айналды. Және де Қытай тарапынан серіктестікке қатысты әлдебір нақтылық жасалмады.

Р. Изимовтың пікірінше, аталмыш форумды өткізуге бірнеше мақсаттар себеп болған.

ӘЭСИ сарапшысы Пекинде өткен форум қорытындысы әртүрлі бағаға ие болғанын да атап өтті. Қытайлық БАҚта жарияланған қорытынды мақалаларға қарағанда, форум барлық діттеген мақсаттарға жетті. ҚХР меморгандары, соның ішінде, коммерция министрлігі, ұлттық компаниялар мен қаржылық құрылымдар қол қойылған жаңа келісімдер мен келіссөздер туралы рапорт жасады.

Алайда сарапшылар қауымдастығы форум қорытындысын скептикалық түрде бағалады, бұған қытай билігінің аталмыш форумда әлдебір нақтылық танытпағандығы себепші. Соған қарағанда, БББЖ бастамасын қолдамайтын халықаралық субъектілер шеңбері қалыптасып жатқан секілді.

Бұл бағытта Орталық Азия елдері қытайлық бастамада аталған барлық мүмкіндікерді пайдалану бойынша бұрыңғы шепті ұстануды.

Бір атап өтерлігі, қазақстандық қытайтанушының сөзінше, Орталық Азия елдеріне Қытай секілді алып елмен терезесі тең дәрежеде бәсекелесу қиынға соғуда.

«Осылайша, Қытаймен көршілес бола отырып, біз секілді аймақ елдеріне алдымен аймақтыың деңгейде өзара келісуді үйрену керек», - деп қорытындылады сөзін Р.Изимов.

Өзбекстанның тәуелсіз сарапшысы Б.Эргашев өз баяндамасында Қытайдың «Белдеу мен жол» бастамасына және Өзбекстанның Қытай және аталмыш бастама аясындағы өзге де Орта Азия елдері арасындағы стратегиялық серіктестік бағыттарына қатысты Өзбекстанның көзқарасын білдірді.

ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің Давостағы бандамасында және өзгге де алаңдарда сөйлеген сөздерінде Қытайдың жаһандық экономикалық өсімді серпілту үшін протекционизмнен бас тартатыны нақты айтылған, деп санайды сарапшы. Экономикалық ахуалы жақсы Қытай әлемдік нарықтың және Орта Азия елдері нарықтарының ашықтығы мен либерализациясын қалайды.

Қытай қазіргі уақытта Орта Азия елдерінің басты сауда серіктесі болып табылса да, аталмыш аймақтар нарығының Қытай үшін маңыздылығы еуропалық нарықтан жоғары емес, ал Қытайдың Орта Азияға жасаған инфрақұрылымдық жобаларға, мысалы, Аврикадағы жобаларға құйылған қаржылық ресурстардан әлдеқайды аз болып табылады. Алайда бұл Орталық Азияның Қытайдың минералды-шикізатты орталығына айналып кетуі мүмкін деген факты жоққа шығармайды.

Өзбекстан «Белдеу мен жол» бастамасын ресми деңгейде қолдаған алғашқы мемлекеттің бірі болып табылады. Сонымен бірге, республика барлық болып өткен өзгерістерге қарамастан біріңғай қашықтық саясатын, экономикадағы «рационалды изоляционизм» мен екі жақты қарым-қатынас негіздерін ұстанады. Соның өзінде Өзбекстан БББЖ өз экспортын диверсификациялауға деген мүмкіндік ретінде қарастырады.

Хаким Абдулло, Тәжікстан Республикасының Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының (СЗИ) анализ және болжам басқармасының басшысы, Тәжікстанның сыртқы саясат тұжырымдамасындағы Қытайдың рөліне егжей-тегжейлі тоқтап өтті.

Халықаралық аренада Тәжікстан көпвекторлы бағытын жүзеге асыруды жалғастырып келеді, деді тәжікстандық сарапшы, және бұл бағытта Қытай негізгі стратегиялық вектордың бірі болып табылады. Екі ел арасында стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойылған. Екі жақты қарым-қатынасты дамытуға екі ел арасындағы шекараны реттеу мен бекіту үлкен үлес қосты. Бүгінде Қытай Тәжікстанның көршілес елдері арасында заңды түрде шекараны рәсімдеген және бұл бағыттағы барлық қажетті шаралар аяқтаған жалғыз мемлекет болып табылады.

Қытайдың инфестициялық серіктес ретіндегі рөлі ел экономикасының инфрақұрылымын қалпына келтіруде үлкен септігін тигізді. Дәл осы Қытай мемлекеті Тәжікстанға ірі көлемдегі инвестиция құю арқылы көлік инфрақұрылымын (жол, туннельдер, көпірлер, темір жолдар, әуежайлар, терминалдар) салуға, маңызды коммуникациялық сымдарды өткізуге көмектестіғ бұл өз кезегінде экономикалық тұрғыдан алып қарағанда ел үліш үлкен серпін болып, ішкі коммуникация мен аумақты біріктіру мәселелерін шешуге көмектесті. Қытай, сонымен қатар, Тәжікстанға аймақтық тұрақтылықты сақтау аясында тәжік-ауған шекарасынның инфрақұрылымын нығайту мәселесінде техникалық және қаржылық қолдау көрсетіп келеді.

Республика Қытаймен екі жақты қарым-қатынасқа басымдылық береді, себебі, республиканың көпсалалы аймақтық формат аясындағы бұған дейінгі тәжірибесі көрсеткендей экономикалық тұрғыдан бас тарту олар үшін тиімсіз, мемлекеттің экономикалық мүддесі өзге елдермен салыстырған бұл серіктестікке мұқтаж болып табылады.

ӘЭСИ Алматыдағы кеңсесінің жетекшісі Асқар Нұрша өз баяндамасында «Белдеу мен жол» қытайлық бастамасының дамуын аймақтағы өзге де көпсалалы бағдарламалардың қарқынымен бірге салысытыра отырып талқылады. Сарапшының пікірінше, аталмыш ықпалдастық «шақыру-жауап» жүйесі бойынша жүзеге асуда және әлем мен аймақтағы жылдам ауысатын саяси және экономикалық конъюктураға тікелей байланысты.

А.Нұрша 2013 жылы пайда болған Жібек жолының экономикалық белдеуі бастамасын Қытайдың Кедендік одақты құрғаннан кейінгі Еуразиялық интеграция процестерінің дамуына жауап ретінде қарастырады. Өз кезегінде Батыстың еуразиялық интеграцияға қысым көрсетуі фонында Қытайдың «Белдеу мен жол» бастамасын белсенді түрде жүзеге асыруы Ресейді Үлкен еуразиялық серіктестік бастамасының концептуалды әзірленуіне алып келді, бұл жоғарғы деңгейдегі интеграциялық процесстер.

Дөңгелек үстелге қатысушылар аймақтағы әр елдің Қытаймен өзара ықпалдастық мәселелерін, инвестициялық серіктестіктің ағымдағы жағдайы, ҚХР серіктестік барысында мемлекеттер тап болатып түйткілді мәселелер, аймақ елдері арасындағы өзара ықпалдастық жағдайы, сонымен бірге, мемлекеттердің «Белдеу мен жол» қытайлық бастамасына ары қарайғы қатысуын талқылады.