Теңге курсына әсер етуші факторлар қандай?

Тамыз айының басында теңге курсы антиресейлік санкциялар қысымына ұшыраған рубльге белсенді әрекет көрсетті. Ресей Қазақстанның негізгі сауда серіктесі болғандықтан, теңге курсы ресейлік рубльдің құбылмалылығын айтарлықтай сезінеді.

Ұзақмерзімді кезеңде теңгенің құбылмалылығына 2015 жылдан бері сақталып келе жатқан ағымдағы операциялардың кері сальды шоты көп жағдайда әсер етеді. 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында ағымдағы шоттың жетіспеушілігі 2,6 млрд. долларды құрады.

Ағымдағы шоттың өзгеруіне ең алдымен Қазақстанның негізгі экспорттық баптарына деген сұраныстың көбеюі әсер етті, бұл шикізат нарығындағы бағалардың құлдырауына алып келді.

Қазақстанның экспорты төртінші жыл қатарынан азаюда, 2012 жылғы 86-4 млрд. доллардан 2016 жылы 36,7 млрд. долларға дейін төмендеген. Бұл уақыт аралығында экспорт 2,3 есе азайса, импорт 1,8 есе кеміген.

Экспорт құрылымында бұрыңғыдай шикізат тауарларды көп орын алады – 65%. Қалған экспортталатын тауарлардың 80% уран, титан, мыс және т.б. секілді аралық тауарлар және тек жалпы сомасы 1,5 млрд. теңгеге тең қалған 20% – дайын тауарлар құрайды.

Экспорт құрылымы өзгермейінше экономика сыртқы конъюктураларға төтеп бере алмайтын болады. Қысқы мерзімді кезеңде бүкіл өндіріс спектрі бойынша жоғары технологиялы кәсіпорындарды құрып, олардың экономикадағы салыстырмалы салмағын арттыру қажет.

Сонымен қатар, әлемде жиналған мұнайдың үлкен ауқымы сақталуда. Ағымдағы жылдың шілде айында мұнай және газға арналған бұрғылау құрылғыларының саны 2015 жылдан бері әлем бойынша максималды деңгейге жетті (2110 дана), бұл кен орындарындағы өндіру жұмыстарының ұлғайғанын көрсетеді.

Ағымдағы жылдың сәуір айында АҚШ президенті Атлант, Тынық және Солтүстік мұзды мұхиттарында, сонымен қатар, Мексика шығанағында мұнай мен газ өндеу жұмыстарын кеңейту туралы қаулыға қол қойды. Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында АҚШ-тың мұнай өндеу мөлшері тәулігіне 800 мың баррельге дейін көбейген.

Қазіргі уақытта АҚШ ішкі ресурстар есебінен энерготасымалдаушыларға деген сұраныстардың 90% жуығын қамтамасыз ете алады. Мұнай өндіретін зауыттар тарапынан шикізатқа баға белгілеуді қолдаушылық байқалмайды, соңғы он жылда орта айлық жүктелім 87,7% деңгейінде.

АҚШтан бөлек, 2017 жылдың бірінші жарты жылдығында Ливия мен Нигерия де мұнай өндірісін тәулігіне 230 мың мен 210 мың барральге дейін ұлғайтты.

Осылайша, әлемде сақталып тұрған мұнай профициті мен теңгенің ағымдағы кері курсы алдағы айларда бір доллар үшін 325-355 теңге көлемінде ауытқып тұрады.

www.qazaquni.kz