Қазақстандағы әлеуметтік алшақтық Батыс Еуропадан төмен бе?

Байлар мен кедейлер арасындағы кіріс-табыстың айырмашылығы әдеттегідей күресуге тұрарлық негативті жағдай болып табылады. Егер басқа қырынан қарасақ – даму факторы секілді? Қазақстанның осы бір үлкен әлеуметтік-экономикалық кемшілігін оның жетістігіне айналдыру мүмкін бе? Біздің өмірімізде бұл сценарий қаншалықты сәтсіз көрінгенімен, біз осы мәселені Әлемдік экономика және саясат институтының алдыңғы қатарлы сарапшысы Айман Жүсіповамен талқылауды жөн көрдік.

- Айман Сәбитқызы, қазіргі уақытта жиі кездесетін кедейлік пен теңсіздік секілді ұғымдарды бір-біріне ұқсату мүмкін бе?

- Әдетте, «Әлеуметтік алшақтықты» кедейлікпен байланыстырады. Дегенмен, әлемдік тәжірибеде тұрақтылықтың негізгі қауіпі кедейліктен емес, әлеуметтік теңсіздік «шегінің» маңызын асыруда. Тіпті, ең кедей деген қоғамның өзі, егер онда кіріс деңгейі жағынан үлкен алшақтық байқалмаса, ұзақ уақыт бойы тұрақтылықты сақтап, ешқандай әлеуметтік күйзеліске түспеуі мүмкін. Мұндай жағдай, мысалы, 1959 жылы Фидель Кастро мен оның жақтастарының революциясынан кейін Кубада, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Қытайда (Қытайда соңғы онжылдықта ғана теңсіздік процестері белгіленді) орын алған. Азаматтары «кедейлік жағынан тең» деп сипаттауға болғанымен, бұл мемлекеттерде денсаулық сақтау мен білім салаларының қолжетімді әрі сапалы жүйесі жасалды.

Осылайша, кедейлік пен теңсіздік – екі түрлі ұғым екенін аңғарамыз. Әлеуметтануда кедейлікке «Дұрыс өмір сүру үшін қажетті материалдық және мәдени ресурстардың жоқтығы» деген анықтама беріледі. Ал, әлеуметтік теңсіздік дегенді «жеке индивидтер, әлеуметтік топтар вертикальді әлеуметтік иерархияда түрлі сатыда орналасып, түрлі өмірлік мүмкіншіліктерге және қажеттілікті қанағаттандыру мүмкіндіктеріне ие болатын әлеуметтік дифференциацияның спецификалық формасы» деп түсіндіреді.

Жалпы, теңсіздік адамзат тарихының ерте кезеңінде қалыптасқан және күш-қуат, ақыл-ой қабілеттерімен, жаспен, жыныспен шартты түрде бөлінген. Бұл жағынан алғанда кез-келген қоғам – теңсіздік қоғамы болып табылады.

- Біз әлеуметтік теңсіздікті қауіпті құбылыс ретінде қарастыруға үйреніп қалдық. Бәлкім, оның жағымда жақтары да бар шығар?

- Заманауи мемлекеттерде әлеуметтік теңсіздік әлі күнге дейін жыныс, жас, адамдардың қабілеті, аймақтық және салалық өзгешеліктер, еңбекті бөлу секілді объективті параметрлермен байланысқан. Тіпті, жеке корпорацияның ішінде де жұмысшылардың қызметтік сатыларына қарай табыс деңгейлері де әртүрлі болып келеді. Бірақ, әлеуметтік теңсіздіктің дәл осы түрі топтың, компанияның, аймақтың, мемлекеттік дамуында позитивті фактор бола алады. Бұл тұрғыдан оның деңгейі маңызды. Егер теңсіздік «шектен» асса, онда мен осыған дейін атап өткендей, «әлеуметтік жарылыстар» қаупі ұлғаяды. Теңсіздіктің оңтайлы көрсеткіштері (тым алшақ болмаған жағдайда) мемлекеттің, қоғамның, үлкен және кіші әлеуметтік топтардың, жеке азаматтың дамуына септігін тигізеді.

-      Ал, теңсіздің «шегі» қай жерде аяқталып, қауіп қашан басталады?

- Зерттеушілер «қор коэффициенті» (әжептәуір қамтылған тұрғындардың 10 пайызы мен аз қамтылған тұрғындардың 10 пайызының табыстағы ара салмағы) секілді көрсеткіштерге сүйенеді. Міне, әлеуметтанушылар мен экономистердің пікірінше, бүгінде бұл коэффициенттің «шекті» деңгейі 8-10-ға тең. Мысалы, кеңес дәуірінде, 1980-ші жылдардың ортасында, бұл көрсеткіш 4,5-ға тең еді. Қазір Қазақстанда, Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің 2016 жылғы мәліметінше, бұл деңгей 5,6-ға тең болып отыр.

- Сіз қалай ойлайсыз, бұл сан шынайы іс жүзіндегі жағдай сәйкес клее ме?

- Егер тек сан бойынша сараптайтын болсақ, Қазақстандағы жағдай жоғары әлеуметтік стандарт пен өмір сапасына ие Батыс Еуропа елдеріндегі жағдайдан да жақсы... Алайда, кейбір қазақстандық экономистердің пікірінше, соның ішінде Аманжол Қошанов пен Қанат Берентаев бар, біздегі жағдай тіпті де мәз емес. Олардың есебінше, Қазақстандағы кіріс деңгейінің алшақтығы 29-30 деген шекке жетеді.

- Әлеуметтік-экономикалық жағдай жағынан біздің елді Ресеймен жиі салыстырады, бірақ, ондағы теңсіздік деңгейі әлдеқайда жоғары ғой...

- Шынында да, Қазақстан мен Ресей көп параметрлер бойынша ұқсас болып келеді – экономикалық, әлеуметтік, географиялық, реформалар тереңдігі мен мінезі, әлеуметтік стратификация типі бойынша. Тек сарапшыларға ғана емес, сонымен қатар, екі ел тұрғындарына да қазақстандықтар мен ресейліктердің қарай өмір сүретіні белгілі: үлкен бір өзгешеліктер жоқ. Онда да, біздегі секілді кедейлер мен байлардың арасындағы алшақтық шамалас болуы керек. Алайда, бұл тіпті де олай емес. Ресми статистикаға сүйенсек, Ресейдегі халықтың поляризация деңгейі Қазақстандағыдан әлдеқайда жоғары. Қор коэффициенттері жағынан айырмашылық та 2015 және 2016 жылдары 2,8-ді құрады (Ресейде – 15,7, ал, Қазақстан, мен осыған дейін атап өткендей, - 5,6).

-      Мұндай үлкен айырмашылыққа не себеп?

- Көрсеткіштердің мұндай алшақтығы шынайы өмірдегі айырмашылықта емес, критерийлер мен баға беру методикасында деп ойлаймын.

Ресейдегі наразылық деңгейі Қазақстандағыдан әлдеқайда жоғары. Солай бола тұра, ресейлік үкімет мен аймақтық билік халықтың наразылығына әлеуметтік әлжуз топтарға қатысты нақты шаралармен жауап қайтаруға тырысады. Мысалы, онда көптеген балаларға арналған төлемдер бар – әсіресе, жалғызбасты аналарға балалары 18 жасқа толғанға дейін төлемдер жасалады. Әйелдерге аналық капитал төленеді, ол төлем 2012 жылы 10 мың долларды құрады, кезекте тұрғандарға пәтер беріледі.

- Ал, Қазақстандағы әлеуметтік теңсіздікті бағалай методикалары мен критерилері қаншалықты сенімді?

- Бізді жыл сайынғы халықтың өмір сүру деңгейін өлшеу 1997 жылдан бастап әлеуметтік квота бойынша 11750 үй шаруашылығы негізінде жасалады, ол статистикалық ведмоства тарапынан мұқият әзірленіп, қабылданған. Зерттеулердің дұрыстығына күмән келтірудің реті жоқ секілді. Бәлкім, біздегі негізгі әлеуметтік көрсеткіштерді бағалау мен анықтау аздап ауытқуы мүмкін.

Мысалы, көптеген сарапшылардың пікірінше, Қазақстандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі мен ең төменгі айлық мөлшері азайтылған. Тұтынушылар қоржынының құрамы көп жылдар бойы қайта қарастырылмаған және бүгінде жан басының орта тұтыну деңгейіне сай келмейді – девальвациядан кейін ол құны жағынан сай емес. Оған қоса, азық-түлік тауарлары мен қызметтер толық емес: мысалы, тұрғын үйге, коммунылдық қызметтерге кететін қаржы есептелмейді.

Соңғы статистикалық жинақтың бірінше құрастырушылар келесі жағдайды ашық жазды: «Кедейлік шегінің көлемі мемлекеттік шынайы экономикалық жағдайына байланысты және тек әлеуметтік қорғау мақсатында пайдаланады».

Соған қарамастан, Қазақстандағы жағдай посткеңестік кеңістіктегі өзге елдерге қарағанда әлдеқайда жақсы, латиноамерикалық елдер туралы айтпақ-ақ қоялық. Ол Еуроодақтың Болгария (Қазақстан мен Болгария 2016 жылға арналған БҰҰ-ның адам дамуы жағынан 193 мемлекеттен тұратын тізімінде 56-орында бөлісіп тұр) секілді елдеріне тең келеді…

- Бірақ, бұл өзін-өзі тыныштандыруға себепші бола алмайды ғой. Өзгерістер енгізу бойынша шаралар қабылданып жатыр ма?

- Кірістер жағынан Қазақстанның неқұрлым қамтылған және аз қамтылған азаматтары арасындағы алшақтықты азайтау үшін түрлі шаралар қабылданып жатыр. Соның ішінде, ауыл аумақтарын дамыту мембағдарламалары, өмір сапасы стандарттарын қабылдауға қатысты жоспарлар бар. Яғни, бүгінде билік те, қалыптасып жатқан азаматтық қоғам тарапынан да жағдайды түсінушілік байқалады. Нақты айтқанда, президент өзінің 2017 жылғы бағдарламалық мақаласында Қазақстанда «меритократиялық қоғам» қалыптастыруды тапсырған болатын.

Шынында да, бүгінде сөзден іске көшіп, әр азаматқа мүмкіндік беретін уақыт келді. Бұл жерде тек құқық теңдігін ғана емес, «мүмкіндіктері әртүрлі қоғам» шынайылыққа айналатындай жүйе қалыптастыру қажет.

camonitor.kz