Сайлау қарсаңындағы Қырғызстан. Не күтуге болады?

Ағымдағы жылдың 15 қазанына жоспарланған Қырғызстандағы президенттік сайлауға дейін небары бірнеше апта қалады. Елдің қазіргі басшысы Алмазбек Атамбаевтың президенттік мерзімі ағымдағы жылдың 1 желтоқсанында аяқталады және Конституцияға сәйкес, ол қайтадан президенттікке сайлана алмайды.

Бастапқыда, Орталық сайлау комиссиясына Мемлекет басшысы атанғысы келетін 59 үміткер өтініш берді. Бүгінгі күні олардың 13 ғана іріктелді: Бішкектің вице-мэрі Эрнис Зарлыков, құқыққорғаушы Тоқтайым Үміталиева, бұрынғы премьер-министр Темір Сариев, экс-депутат Ұлықбек Кочкоров, Біріккен Ұлттар Ұйымының Ауғанстан бойынша арнайы миссиясының саяси директоры Таалатбек Масадыков, экс-премьер-министр Өмірбек Бабанов, кәсіпкер Арыстанбек Абдылдаев, экс-генпрокурор Әзімбек Бекназаров, бұрынғы премьер-министр Сооронбай Жеенбеков, бұрынғы Премьер-Министрдің орынбасары Адахан Мадумаров, бұрынғы депутат Қамчыбек Ташиев, Қырғызстан достық пен серіктестік қауымдастықтары одағының президенті Арыстанбек Малыева және ТЖМ экс-министрі Бақыт Торобаев.

Қырғыз Республикасының Президенті алты жыл мерзімге сайланады. Бір тұлға осы лауазымға бірнеше рет сайлана алмайды.

Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Жұмабек Сарабековпен бірге Қырғызстандағы президенттік сайлаудың қызықты тұстарын зерделеп көрді.

Биылғы сайлаудың өткен сайлаулардан артықшылығы неде?

Қырғызстан - біздің жақын көршіміз және стратегиялық серіктесіміз. Онда болып жатқан саяси процестер бізге тікелей әсер етеді. Әсіресе, Бішкек және Алматы қалаларының жақындығына назар аудару қажет. Демек, 15-ші қазанға белгіленген президенттік сайлау Қазақстан үшін де өте маңызды. Олар жақын арада республикада ішкі саяси жағдайды дамытудың векторын анықтайды.

Қырғызстандағы саяси өмір әрдайым өзінің қарқындылығымен ерекшеленген. Мұнда әр электоралды компанияның әрекеті белгісіз жайттарға толы.

Ағымдағы сайлауда да өткен сайлаудағыдай президенттіке кандидаттар көп. Жалпы, 59 адам Президенттікке кандидат ретінде тіркеуге өтініш берді, оның ішінде Орталық сайлау комиссиясының шешімімен 13 адам сайлау алдындағы жарыстарға қатысуға жіберілді.

Қазан айында өтетін сайлаудың басты артықшылығы - Президент Атамбаев пен оның командасы өз кандидатының жеңісін қамтамасыз ете алады ма, әлде мемлекет басшысы лауазымына оппозиция өкілі ие болады ма?

Егер басқарушы команданың кандидаты жеңіске жетсе, онда Атамбаев пен оның ҚСДП мүшелерінен саяси ұстанымдарын елеулі түрде нығайтуды күтуге болады. Әйтпесе, Қырғызстанның саяси кеңістігінде жаңа күш пайда болады, ол кейіннен биліктің теңгерімін едәуір өзгертеді.

Кандидаттардың қайсысын ерекше атауға болады?

Мен президенттік үшін таласқа түсетіндердің ішінен ең күшті үш үміткерді бөле атайтын едім. Бұл - бұрынғы Премьер-Министр Сүйінбай Бақытжанұлы Жеенбеков, «Республика-Ата-Журт» парламенттік фракциясының жетекшісі Өмірбек Бабанов, бұрынғы Премьер-Министр Темір Сариев.

Жоғарыда аталған барлық үміткерлер үлкен саяси тәжірибег, элиталық топтардың қолдауына, ал кейбіреулері айтарлықтай қаржылық және ақпараттық ресурстарға ие.

Атап өтерлігі, бүгінгі таңда басқа да үміткерлер осы үш ойыншының айналасына тоғысуда. Мысалы, кандидаттардың бірі әрі "Онугуу-Прогресс" парламент фракциясының лидері Бакыт Торобаев және "Бутун Кыргызстан" партиясының жетекшісі Адахан Мадумаров сайлауда Өмірбек Бабановты қолдайтындарын айтты. Өз кезегінде, оңтүстік элита көшбасшыларының бірі, экс-депутат Қамчыбек Ташиев социал-демократиялық партия өкілі Сооронбай Жээнбековты қолдайтынын мәлімдеді.

Тұтастай алғанда сайлау алдындағы жағдайды талдау басты жекпе-жектің Жээнбеков пен Бабанов арасында болуы мүмкін екенін көрсетеді. Жээнбеков елдегі басқарушы партия саналатын ҚСДП атынан түсуде, оның лидері – Қырғызстанның қазіргі президенті Алмазбек Атамбаев.

Екінші үміткер болса, ол шартты түрде Қырғызстан оппозициясының өкілі саналады. Неге шартты түрде? Себебі, Қырғызстандағы оппозиция біріктірілмеген және бірігуі екіталай.

Алғашқы үміткерге қазіргі президент Атамбаевтың беделі үлкен көмек көрсетуде, осыған байланысты өзге кандидаттар билікті әкімшілік ресурстарды пайдалана отырып, сайлау нәтижесін бұрмалауы мүмкін деп айыптауда.

Сонымен қатар, ол осыған дейін премьер-министр болып қызмет етті және өзін жақсы менеджер ретінде көрсетті. Жалпы, Жээнбеков - оңтүстіктегі ең беделді саясаткерлердің бірі.

Өз кезегінде, Бабанов та оңтүстік пен солтүстік саяси элитасының қолдауына ие. Ол сондай-ақ халық арасында өте танымал тұлға және меншігінде айтарлықтай қаржы және медиа активтері бар.

Осылайша, үміткерлердің ешқайсысын толық көш бастаушы деп атай алмаймыз.

Сонымен қатар, кез келген сайлауда Қырғызстан сайлаушылары үшін маңызды фактор - бұл үміткердің немесе партияның аймақтық тәуелділігі. Елде, өкінішке орай, республиканың солтүстігі мен оңтүстігіндегі оппозициямен ерекшеленетін аймақшылдық сақталып отыр.

Алмазбек Атамбаевтан кейінгі Президенттің алдында қандай сын-қатерлер тұрмақ?

Атамбаевтың ізбасары өсіп келе жатқан әлеуметтік және экономикалық қиындықтарға тап болады, осы түйткілді мәселені шешу үшін оған елдегі барлық саяси күштердің қолдауына ие бола білу керек.

Айта кету керек, Қырғызстанның жаңа президенті Атамбаевпен салыстырғанда лауазымдық артықшылық жағынан шектелетін болады. Өткен жылдың желтоқсанында республикада референдум өтті, оның нәтижесінде ел Конституциясына өзгертулер енгізілді, премьер-министрдің және парламенттік басқару коалициясының өкілеттігі нығайтылды. Сондықтан, жаңа шарттарда Атамбаевтың мұрагері парламентпен ортақ тіл табуға тиіс.

Президенттік сайлаудан кейін елдің саяси бағыты қалай өзгеруі мүмкін?

Менің ойымша, президент сайлауынан кейін Қырғызстанның сыртқы саясатында түбегейлі өзгерістер болмауы керек. Ең ықтимал мұрагерлер жүйелік ойыншылар болып табылады және аймақтағы геосаяси жағдайды жақсы түсінеді. Осыған байланысты, жаңа президент көп қырлы саясатты жалғастырады, өйткені қырғыз жағы оны түсінеді.

Бұл Бішкектің ЕАЭО-ға қатысуына да қатысты. Қырғызстан мүшелігінің аралық нәтижелеріне зер салсақ, экономикалық одаққа кіру елдегі еңбек мигранттары үшін жақсы жағдай жасады.

Мысалы, 2016 жылы Қырғыз мигранттарының трансферттері 2015 жылмен салыстырғанда 20 пайызға артты, бұл аударым көлемі азайған Тәжікстан мен Өзбекстанның фонында жақсы көрсеткіш. Сонымен қатар, Қырғызстан бірқатар кәсіпорындарының өнімін ЕАЭО елдеріне жеткізу мүмкіндігін кеңейтті.

Сондықтан, жаңа президенттің экономикалық одақтан шығуға ұмтылуы екіталай.

Сонымен қатар, ішкі саясатта өзгерістер болуы ықтимал. Яғни, егер Атамбаев басқаратын партия үміткері сайлауда жеңіске жетпесе, жаңа Конституциялық реформаға сай толық парламенттік республика болып саналатын Қырғызстанда елеулі өзгерістер орын алуы мүмкін.

Ең бастысы, елдің саяси күштері өздері үшін оңтайлы тексеру және теңгерім жүйесін құра алады.

tengrinews.kz