Ресейдегі сайлау: Навальныйдың мүмкіндігі бар ма және Собчак қандай рөл атқарады?

Ресейдегі сайлау тек 2018 жылдың наурыз айында өтеді, бірақ «саяси ойын» қазірден басталып кетті. Ал, Ксения Собчакқа келетін болсақ, әртүрлі аналитиктер әртүрлі баға береді. Бұл туралы «Қазақ үні» ұлттық порталы Tengrinews.Kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Біреулер Ксения Собчакты «Прохоров 2.0» деп ойлайды, кейбіреулері «Жириновский-2» деп есептейді. Кейбір сарапшылар тіпті «жас Хуан Карлос 2.0» («Ресейлік Франктың ықтимал мұрагері») бейнесін шындап қарастырады. Сірә, Ксения Собчактың сайлау алдындағы науқанында қалай болғанда да алғашқы екі бейненің проекциясы болатын шығар. Ол 1-ден 25 пайызға дейін дауыс алуы мүмкін. Барлығы, ол алдағы сайлауда таңдайтын команданың жұмысына байланысты. Бірақ, оның Қырымға қатысты соңғы мәлімдемесі саяси тұрғыдан қарағанда ықтимал электораттың негізін қысқартты.

Ксения Собчактың сайлауға қатысуы сайлау науқанын жандандырады, бірақ оның нәтижелеріне қатты әсер етпейді. Егер Алексей Навальный сайлауға қатыспаса, сарапшылардың көпшілігі Владимир Путин қайта сайланатынына сенімді. Бұл сценарий бойынша Владимир Путин, ең болмағанда, 63 пайыз дауыс жинайды. Егер сайлаудың инерциялық сценарийін кеңейтетін болсақ, онда біз бірнеше негізгі ұстанымды анықтай аламыз.

Сайлауда Ксения Собчак пен Владимир Путиннен басқа, Геннадий Зюганов, Владимир Жириновский және «Әділетті Ресей» (Справедливая Россия) партиясынан үміткер болуы мүмкін. Менің субъективтік пікірім бойынша, бұл Геннадий Зюганов пен Владимир Жириновский қатысатын соңғы сайлау.

Коммунистерді тұтас алғанда, соның ішінде Геннадий Зюгановты саяси қолдау, негізінен, физиологиялық себептерге – коммунистердің негізгі электоратының санының «азаюына» байланысты жыл сайын азайып келеді. Ресей Федерациясы Коммунистік партиясының осы үрдісіне жол бермеу үшін партияны және оның идеологиясын жақсылап жаңғырту қажет, бірақ бұл келесі Мемлекеттік Думаға парламенттік сайлаудан кейін ғана мүмкін болады.

Ксения Собчак Владимир Жириновскийге дәстүрлі түрде дауыс берген электоратты өз жағына тартып алу қолынан әбден келеді. Әділетті Ресей (Справедливая Россия) партиясының үміткері осы бес үміткерден ең аз дауыс жинауы мүмкін. Бірақ мұнда «қара аққулар» факторын есептен шығармау керек. Белгілі бір саяси оқиғалар кезінде сайлау барысы «сценарий бойынша емес» болуы мүмкін.

Мүмкін емес, бірақ болуы ықтимал, яғни есептен шығаруға болмайтын сценарийді алаып көрейік.

Егер Алексей Навальный сайлауға тіркелу үшін көшедегі сайлау алдындағы науқанын жемісті өткізсе, онда сайлау қорытындылары болжап болмайтындай болуы мүмкін, себебі Ресейде екі саясаткер Алексей Навальный мен Владимир Путин – «медиандық сайлаушыға» сәйкес келеді. Саяси теорияға сәйкес, «медиандық сайлаушыға» күресетін адамдар ғана саяси сайлауларда жеңіске жетуге мүмкіндігі бар екенін естеріңізге салайын.

Дегенмен, 2018 жылғы наурызда өтетін президент сайлауында Владимир Путиннің жеңісін жоғарғы ықтималдықпен болжауға болады.

www.qazaquni.kz