ӘЭСИ сарапшысы алдағы жартыжылдағы теңгенің бағамы туралы

2018 жылдың бірінші жартысында теңгенің бағамы бір доллар үшін 330-350 теңге аралығында өзгеруі мүмкін. Бұл пікірді Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қорының жанындағы Әлемдік саясат және экономика институтының (ӘЭСИ) жетекші сарапшысы Айжан Мұқышбаева білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сарапшы 2017 жылдың соңына қарай қазақстандық валютаның қазіргі кездегі мәні шамамен 330 теңге көлемінде нығайтылуын ОПЕК-тің өндіріс көлемін қысқарту туралы шартты кеңейту аясындағы мұнайдың көтерілуімен байланыстырды. Жақында «қара алтын» бағасының көтерілуіне Таяу Шығыстағы болжап болмайтын геосаяси факторлар - Ливиядағы мұнай құбырындағы жарылыс пен Ирандағы наразылықтар ықпал етті.

«2017 жылдың екінші тоқсанында сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігіне қол жеткізілсе де, мұнайдың жоғары бағалары АҚШ-та сланец секторында өндірудің жаңа өсуін тудыруы мүмкін». АҚШ-тың энергетика туралы ақпарат тарату агенттігінің (ЕІА) болжамына сәйкес, 2018 жылы АҚШ-та сланец өндірушілері мұнай өндіруді күніне 9,2 миллион баррельден 10 миллионға дейін арттырады, бұл өз кезегінде мұнайдың молдығына әкеліп соғады», - деп түсіндірді Мұқышбаева.

Сонымен қатар, ол әлемдік мұнай нарығындағы ойын ережелері мұнай үшін юаньмен төленетін фьючерстер сауда-саттығына байланысты өзгеруі мүмкін деп санайды. Қазіргі уақытта жаһандық энергетикалық нарықта - Brent және WTI екі жаһандық шикі мұнай эталон келісімшарттары сатылады, екеуі де АҚШ валютасында тағайындалған. Мұқышбаева атап өткендей, ағымдағы жылы теңгеге елеулі ықпал етуі мүмкін факторларының қатарында Федералдық резервтік жүйе бағамының біртіндеп өсуі байқалады. Себебі, ФРЖ ставкалары инвесторларды долларлық активтерге шығаруды ынталандырғандықтан, доллар басқа валюталарға қарағанда күшеюі мүмкін.

«Өткен жылы ФРЖ үстемесі 0,75 пайыздан 1,5 пайызға дейін өсті, ал 2018 жылы экономистер бұл ставканы 2,25 пайызға дейін көтеріледі деп күтуде», - деді ӘЭСИ сарапшысы.

Нәтижесінде, Мұқышбаева, мұнай нарығындағы ағымдағы қозғалыс сыртқы күйзелістерге үлкен әсер ету жағдайында теңгені елеулі түрде нығайта алмайды деп қорытындылайды.

«Экспорт құрылымында түбегейлі сапалы өзгерістер болған жоқ. Бірінші жартыжылдықта теңгенің бағамы бір долларға 330-350 теңге аралығында ауытқуы мүмкін». Соңғы уақытта мұнай бағасының жоғары болуы экономиканы әртараптандыру бағдарламаларын жүзеге асыруда босаңсуға себеп болмауы керек. Мұнай бағасының өсуінен түсетін қосымша кірістердің басым бөлігін мұнай-химия және мұнай өңдеуге салу пайдалырақ», - деп қорытындылады сарапшы.

Tengrinews.kz