Алматыда тәуелсіз сарапшылар адам капиталын дамытуды талқылады

Қазіргі қазақстандық қоғам, білім беру және жұмыспен қамту. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты ұйымдастырған жиында осындай тақырыптар кеңінен талқыланды. Сонымен қатар ғылыми қызметкерлер, университет басшылары және тәуелсіз сарапшылар адами капиталды дамыту жайын талқылады. Кездесуге келгендер заманауи және табысты білім беру жүйесін құру маңызды екенін айтады. Ол жаппай кәсіпкерлікті дамытуға және «инклюзивті экономикалық өсім» моделін құруға септігін тигізеді.  

Сергей Домнин, Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы:

- Егер Қазақстан жайында айтар болсақ ең басты міндет ол өзін өзі жұмыспен қамтығандарды» экономикалық өмірге қосу. Қазір 28 пайыз болатын көлеңкелі экономиканың үлесін азайту. Осы мәселелерді шешу үшін реттеу және мамандарды дайындау саласында да көп жұмыс істеу керек. Өйткені көлеңкелі экономикадағы адамдардың барлығының жағдайы жақсы деп айта алмаймыз. Сол үшін оларды оқытып, жаңа жұмыс орындарын ашу қажет. Бұл бизнестің міндеті. Мемлекет оған жағдай жасауы тиіс. Мемлекет құзыретіндегі іс – мамандарды дайындау және қайта даярлау.

24.kz