Жұмабек Сарабеков: «Қазақ-қытай кәсіпкерлері қол қойған құжаттар әріптестікті дамытады»

Сарапшылардың айтуынша, Қазақ-Қытай арасында бүгін қол қойылған құжаттар енді екі елдің әріптестік қарым-қатынасын одан әрі дамытып, кәсіпорындар жұмысына қарқын береді. Оның үстіне біздің елде қытайлық өндіріс орындарының саны артып келеді. Ал бұл елде жаңа жұмыс орныдарының көбеюіне септігін тигізбек.

Жұмабек Сарабеков, әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы: - Шикізатты өзіміздің аумағымызда өңдеп, өзіміздің жұмыс күшімізді тартып, Қытай нарығына және басқа да әлемдік нарыққа біз сапасы жағынан және бәсекеге қабілеттілігі жөнінен сапалы тауар шығара алатын мүмкіндігіміз бар. Қазақстан Қытай тарапына осындай ұсыныстар жасады. Кадрларды оқыту бойынша, жергілікті халықты жұмысқа тарту бойынша келіссөздер өткізілді.

24.kz