Дональд Трамп пен Ким Чен Ынның тарихи кездесуі

12 маусымда Сингапурдегі Сентоса аралында АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен кездесіп, Корей түбегін ядролық қарудан толық арылту жөнінде бірлескен декларацияға қол қойды. Құжатта президент Трамп пен Ким Чен Ынның "АҚШ пен Солтүстік Корея арасында жаңа қарым-қатынас орнату және Корей түбегінде шынайы әрі ұзақ мерзімді бейбітшілік орнату мәселелері бойынша жан-жақты, терең әрі шынайы пікір алмасқаны" айтылады. "Президент Трамп Солтүстік Кореяның қауіпсіздігіне кепілдік беруге міндеттеме алды, төраға Ким Чен Ын Корей түбегін ядролық қарудан толық арылту ұстанымынан таймайтынын растады" делінген құжатта.

Жұмабек Сарабек, Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы.

www.azattyq.org