Қазақстан экспорт көлемін арттыра алады

ШЫҰ-ның мүше елдерінің экономи калық байланыстарының тереңдей бастауына қатысты тауарлар мен қызмет түрлеріне қолжетімділікті ортақ жеңілдету бағдарламасын əзірлеу – Циндао қаласында өткен ұйым саммитінің маңызды қорытындысы болып отыр. Жалпы соңғы жылдары ШЫҰ өз қызметінің экономикалық бөлігін бұрынғыдан бетер жандандыра түсуде. Бұл заңдылық. Өйткені ұйым мүшелері арасын дағы өзара экономикалық байланыстар күшейе түсуде.

Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы (IWEP) Антон Бугаенко.

Қытай тарапы технологиядан қаржыға дейінгі түрлі сала бойынша ұйымға мүше елдердің барлығына ортақ бірыңғай стандарт енгізу бастамасын көтеріп отыр. Импорт пен экспорттағы орын алатын кедергілерді жеңіл дету өзге елдердің экономикасына да пайдалы. Əсіресе Қазақстан ШЫҰ елдерінің нарығына, оның ішінде қытай рыногына еш кедергісіз кіруге мүмкіндік ала ды. Осы орайда Қытаймен ара дағы «Қытайға қазақстандық ауылшаруашылық өнімдерін экспорт тау көлемін кеңейту туралы» екіжақты келі сімшартты атап өтуге болады. Осылайша, ШЫҰ елдері аясында эконо микалық іс-шараларды жеңілдету мен ортақ стандарт енгізу осындай екіжақ ты ұйымдасуға ықпал ететін болады.

Қазіргі таңда біз іс жүзінде жин ақталған  саяси капиталдың экономикалық өзара қарым-қатынасқа біртіндеп ауысуын бақы лап отырмыз. Батыс ел дер імен саяси мəселелері бар Қытай дың бұл күні өзіне одақтас ШЫҰ-ға мүше елдердің компанияларын өз рыногында көруге аса қатты мəн беріп отырғанын біліп отырмыз. Ал ШЫҰ-ға мүше елдер жаңа рыноктың ашылуына байланысты экономикалық байланыстарын əртараптандыруды қолға алып отыр.

Азық-түлік қауіпсіздігін қам тамасыз етудің ортақ бағдар ламасын дайындау туралы шешім ШЫҰ-ға мүше елдердің біріне əлеуметтік тұрақтылық үшін керек болса, екіншілерін құжаттың экономикалық тұрғыдағы пайдасы көбірек қызықтырды. Мысалы, Қытай жəне Үндістан халқының саны өсуіне байланысты Ресей мен Қазақстан елдерінен жеткізілетін азық-түлік көлемін көбейтуді жоспарлап отыр. Қытайдың өз елін азықтүлікпен қамтамасыз етуі жоғары деңгейде болса да жоғары сапалы өнімді еліне кіргізуге жəне өз импортын əртараптандыруға құлшынысы өте жоғары. Өз кезегінде Қазақстан отандық ауыл шаруашылығының дамуына жаңа серпін беретін экспорт көлемін арттыра алады.

Азық-түлікпен қамтамасыз етудің қауіпсіздігі туралы бағ дар ламаның əзірленуінің қанша лықты нəтижелі боларын бола шақта көретін боламыз.

Дегенмен ШЫҰ-ға мүше елдер ауыл шаруашылығы саласында бір-бірімен əріптестік орнатуға үлкен қызығушылық танытып отыр.

egemen.kz