Түркістанның жаңа статусы аймақта жұмыс орындарының ашылуына септігін тигізеді

Елімізде тағы бір әкімшілік аймақ - Түркістан облысының пайда болуы қазір қоғамда қызу талқыланып жатыр. Облыс орталығы статусы Түркістан қаласына ауысып, Шымкенттің республикалық маңызға ие қала атанғаны белгілі. Ал бұл жаңа әкімшіліктердің болашағы қандай? Қай салаларға басымдық беріледі?

Серік Бейсембаев, Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы: - Жалақының орта деңгейі төменірек. Сәйкесінше бұл шешімнен кейін Түркістан облысының дамуына инвестиция түсетін болады. Соған сәйкес жұмыс орындары ашылады. Және белгілі бір деңгейде халықтың әлеуметтік көңіл-күйі жақсарады деп ойлаймын. Және әлеуметтік-демографиялық тұрғыдан жаңа леп береді деп ойлаймын.  

Айжан Мұқышбаева, Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы: - Шымкенттің мегаполис ретінде Астана, Алматымен бәсекелесуге мүмкіндігі туады. Сондай-ақ республикалық деңгейде шешімдер қабылдағанда бюрократия азайып, қаланың әкімшілігі өзінің жобаларын бірден республикалық деңгейде қорғауына, ұсынуына жол ашылады.

24.kz