Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған дөңгелек үстелдің қорытындылары

Дата события: 
13 December 2016

2016 жылдың 13 желтоқсанында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты (ӘЭСИ) Астанада Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы және ел дамуындағы президенттік институттың рөліне арналған дөңгелек үстел өткізді.

Өздерінің баяндамаларында қатысушылар Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бастап дамуы, мемлекетті басқарудағы президент рөлінің өзгеруі, елдің мемлекеттік құрылысының эволюциясы, яғни тәуелсіздіктің бастапқы жылдарындағы президенттік-парламенттік жүйеден келесі жылдардағы күшті президенттік билеу жүйесіне көшуі туралы тақырыптарды козғады. Талқылауға қатысушылар дәл осы президенттік институттың ұлтты біріктіретін және посткеңестік кеңістік аумағында орын алған дезинтеграциялық процестер кезеңіндегі бейберекеттен сақтап қалған ең негізгі фактор екендігі туралы қорытындыға келді. Тәуелсіздіктің барлық 25 жылында Қазақстанда президенттік институттың қалыптасуы Нұрсұлтан Назарбаевтың тұлғасымен тығыз байланысты. Халықтың басым көпшілігінің президентке білдірген қолдауы Қазақстан мемлекеттілігінің құрылуының қиын жылдары барысында президенттік институттың легитимділігін қамтамасыз етті. Сонымен бірге, дөңгелек үстелге қатысушы сарапшылардың пікірінше, президент қоғам өміріндегі үлкен өзгерістерге және қазақстандық ұлттың қалыптасуына алып келген үлкен жобалар мен реформалардың бастамашасы болып табылады.