ӘЭСИ сарапшысы: Жастар этникааралық қақтығыстардың басты қозғаушы күштері болып табылады

Дата события: 
18 October 2017

 

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының ішкісаяси және әлеуметтік зерттеулер бағдарламасының жетекшісі Серік Бейсембаев Конрад Адэнауэр атындағы Қор өкілдігі мен ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының серіктестігімен Астана қаласында ұйымдастырылған «Этникалық топтардың бейбіт өмір сүруін қалыптастыру стратегиясы» атты конференцияда «Қазақстанның оңтүстігіндегі этникааралық жағдай: формальді емес жұмысбастылық факторы» баяндамасын оқыды.

ӘЭСИ өкілінің айтуынша, Қазақстандағы этникааралық қарым-қатынастар үйлесімді болып табылады. Сонымен қатар, әлеуетті шиеленіс аймақтары да бар, негізінен бұл жоғары бала туумен, ұдайы миграциялық үрдістермен және халықтың этникалық құрамының жиі өзгеруімен тікелей байланысты күрделі әлеуметтік-демографиялық сипаты бар елдің оңтүстік өңірлеріне тән.

- Соңғы бірнеше жылда этникалық қауымдар арасындағы шиеленістер мемлекеттік адам ең көп шоғырланған аймақтарында орын алған – Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал, Сайрам мен Сарыағаш аудандарында. Бұл аудандардың жоғары шиеленіс әлеуеті жұмыс орындарының тапшылығынан, экономикалық тауаша мен өзге дер ресурстар, соның ішінде жайылымдар, ауыл шаруашылық жерлері, су көзі үшін туындаған, - деді өз баяндамасында Серік Бейсембаев.

Сарапшының пікірінше, шиеленістің тағы бір маңызды факторы ол жеке бастың қол босамаушылығы мен елдің оңтүстік өңірлеріндегі жастары арасындағы жұмыссыздық. «Тәжірибе көрсеткендей, жастар этникааралық қақтығыстардың негізгі қозғаушы күші болып табылады. Олар этномобилизациялаушы ұрандарға сезімтал келеді, сонымен қатар, белсенді зорлық әрекеттеріне оңай барады», - деді сарапшы.

ӘЭСИ өкілі ұсыныс ретінде мемлекеттік органдар мен Қазақстан халқы Ассамблеясының бұл бағыттағы жұмысының бағытын ұлғайтып, сондай-ақ, мәдени интеграция мен түрлі этникалық қауымдастықтардың өзара ықпалдастығына жағдай жасауды мейлінше арттыру керектігін айтты.