2017 жылдың 13-14 қарашасында Астана клубтың үшінші отырысы өтеді

Дата события: 
13 November 2017 to 14 November 2017

 

Жоғары лауазымды саясаткерлер, бұрыңғы мемлекет басшылары, дипломаттар мен әлемнің 28 елінен келетін алдыңғы қатарлы сарапшылар Назарбаев орталығының пікірталас алаңында бас қосады.

2017 жылдың 13-14 қарашасында «Үлкен Еуразия – 2027: конфронтация және серіктестік» тақырыбындағы Астана клубының үшінші отырысы өтеді.

Отырысының асында алдағы онжылдықта еуразиялық кеңістікті қалыптастыратын геосаяси, аймақтық, экономикалық және технологиялық трендтер талқыланады.

Еске сала кетейік, Астана клуб - «Chatham house» («құпиялық» принципі) ережесі бойынша жұмыс істейтін халықаралық пікірталас алаңы, оның басты мақсаты сарапшы-саясаткерлер қауымдастығының үздік өкілдері арасында диалогты дамыту, жалпы әлемге және жеке Еуразияға әсер етіп жатқан жаһандық үрдістерді талқылап, өзекті мәселелердің шешімін табу болып табылады.

Астана клубының отырыстары дәстүрлі түрде Назарбаев Орталығында өткізіледі (Астанадағы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры мен Кітапханасының ғимараты).

Астана клуб ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының қоры мен ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты (ӘЭСИ).

Астана клубының серіктестері: Халықаралық бейбітшілікті қолдаушы Карнеги қоры, Қытайдың заманауи халықаралық қатынастар академиясы (CICIR), Ресейдің халықаралық істер бойынша кеңесі (РСМД).