ӘЭСИ сарапшысы: Құндылық бағдарлары қазақстандықтардың экономикалық және саяси мінез-құлқының қазіргі моделін шартты етеді

Дата события: 
28 December 2017

 

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының жетекші сарапшысы Оразғали Селтеев 2017 жылдың 12 желтоқсанында Мәскеудегі «Жоғары экономикалық мектеп» ҰЗУ базасында өткен «Еуразия кеңістігінің құндылық негіздері: жанұя мен руханият» атты Жастар форумына қатысты.

Шараны «Север-Юг» саяси орталығы жіне ТМД мүше-мемлекеттерінің гуманитарлық серіктестігінің Мемлекет аралық қорының қолдауымен «Жоғары экономикалық мектеп» ұлттық зерттеу университеті ұйымдастырды.

Форумға ТМД және Грузия елдерінен 100-ге жуық делегет қатысты, олардың қатарында ғылыми-сарапшылық қауымдастық, мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық медиа өкілдері бар.

Қатысушылар Еуразия халықтарының тарихи-мәдени бірлестігінің маңыздылығы, жастардың заманауи көзқарастары, конфессия аралық диалогтты нығайту мен дамыту бойынша бірқатар мәселені талқылады.

Пікірталас барысында ӘЭСИ сарапшысы Оразғали Селтеев қазақстандық қоғам арасындағы жанұя мен салт-дәстүр маңыздылығы туралы баяндады. Оның айтуынша, моральды-адами өлшемді қалыптастыратын ұлттық құндылықтарға деген адалдық тұрақтылық, бірлік пен ынтымақтастық секілді факторларға әсер етеді.

«Түрлі әлеуметтік зерттеулер көрсеткендей, қазақстандықтар үшін құндылық дегеніміз өмір сүру сапасын арттыру, жеке және отбасылық мұқтаждықты қамтамасыз ету (денсаулық, балалар, қауіпсіздік, молшылық және т.б.) болып табылады. Дәл осы аспектілер қазақстандықтардың экономикалық және саяси мінез-құлықтарының қазіргі моделін шартты етеді. Қазақстандық қоғамда ішкі отбасылық байланыс берік. Сонымен бірге, дәстүрлі үлкен отбасы форматы да сақталады, бұл ең алдымен экономикалық орындылыққа байланысты», – деді сарапшы.