АҚШ-тағы сараптамалық диалог

Дата события: 
12 February 2018

 

2018 жылғы 29 қаңтар мен 07 ақпан аралығында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының жанындағы әлемдік экономика және саясат Институты (ӘЭСИ) - сарапшылары Америка Құрама Штаттарында болды. Сапар International Visitor Leadership Program (IVLP) халықаралық тәжірибе алмасу бағдарламасы аясында АҚШ Мемлекеттік департаменті мен Қазақстандағы АҚШ Елшілігімен ұйымдастырылған болатын.

Америкалық «ақыл-ой орталықтары» жұмысын зерделеу мен АҚШ сыртқы саясаты құрылымындағы олардың рөліне арналған 10 күндік бағдарлама барысында, ӘЭСИ сарапшылары АҚШ жетекші талдау орталықтарының жетекшілері мен өкілдерімен кездесті және Американың ірі университеттерінде болды.

Атап айтқанда, ӘЭСИ делегациясы Брукинг Институты, Стратегиялық және халықаралық зерттеу Орталығы (CSIS), Вильсон атындағы Орталық, RAND Корпорациясы, Халықаралық әлем және АҚШ басқа да талдау орталықтарындағы Карнеги Қоры сарапшыларымен кездесті.

Сараптамалық кездесу барысында АҚШ пен Қазақстан арасындағы екіжақты қарым-қатынастың бірқатар мәселелері талқыланды. Америкалық сарапшылардың бағалауынша, қазақстандық-америкалық стратегиялық серіктестікті нығайту мен одан әрі дамытуда жаңа серпін берген ҚР Президенті Н.Назарбаевтың АҚШ-қа ресми іс-сапары нәтижелерін талқылауға аса мән берілді.

АҚШ Президенті Д.Трамп әкімдігі кезіндегі Орта-Азиялық саясатының болашағын талқылай отырып, Вудро Вильсон атындағы Халықаралық Кеннон институтының директоры Мэтью Рожански АҚШ-тың Орталық Азия елдерімен ынтымақтастығындағы негізгі басымдығы қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылатындығын аңғартты. Қазіргі әкімдіктің аймақтағы бұдан арғы саясаты Ауғанстандағы жағдайға байланысты болады.

Ядролық қаруды таратпау саласындағы жағдай жөнінде пікір алмасу да болды. Америка жағынан Қазақстан ядролық қару таратпау Қозғалысының көшбасшысы екендігі және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі мүшелік Астанаға ҚР мен оның көшбасшысының ядролық қаруға қарсы бастамасын одан әрі жалғастыруда жаңа мүмкіндіктер туғызатыны аталды.

Бұдан бөлек, ӘЭСИ сарапшылары мен олардың америкалық әріптестері Еуразияның геосаясатына қатысты өзекті мәселелерге талқылау жүргізді, соның ішінде, Ресей мен АҚШ қарым-қатынасы дамуының болашағы, «Белдеу мен Жол» бастамасы аясындағы қытай-америкалық диалогы, сондай-ақ, Орталық Азиядағы интеграциялық үрдістер.

Сонымен қатар, Карнеги Қорының сарапшысы Пол Стронски, Өзбекстан мен Қазақстан ынтымақтастығының жаңа кезеңі негізгі аймақтық интеграцияға айналуы мүмкін екендігін атап өтті. Ол үшін, оның ойынша, Астана мен

Ташкент экономикалық потенциал мен әскери-саяси үлеске ие.

Встреча в Университете Джорджа Вашингтона (слева-направо) Ж.Сарабеков, Е.Салтыбаев, М.Ларюэль, А.Маргулан, С.Бейсембаев

Сапар аясында ӘЭСИ сарапшылары Гарвард Университеті жанындағы зерттеу институттары,мДжордж Вашингтон Универститеті, Колумбиялық универститет, Тафтс Универститетінің Орталық Азия мен кейінгі кеңестік кеңістігі бойынша америкалық мамандармен кездесті.

АҚШ-тың академиялық шеңберінде де Орта Азиялық интеграция тақырыбы қызығушылық тудырады. Джордж Вашингтон Университетінің Орталық Азияны зерттеу бағдарламасының жетекшісі Марлен Ларюэль атап көрсеткендей, Орталық Азиядағы интеграция бүгінгі таңда шынайы және мемлекеттердің жақындасуы аймақтағы көптеген мәселелерге нүкте қоюға мүмкіндік береді.

Форум в Международном центре имени В.Вильсона (слева-направо) Дж.Рогин, И.Даалдер, К.Джеймс, Э.Розенбах, Н.Танден, С.Вартел, К.Вейнштейн

Әлемдік экономика және саясат Институты сарапшылары сондай-ақ «Сандық және саяси жүктеу дәуірінде «ақыл-ой орталықтарының» маңыздылығы неде?» әлемдік форум пікірталасына қатысты. Форумды ұйымдастырушылар ретінде Пенсильвания Университетінің ақыл-ой Орталықтары және Азаматтық Қоғам Бағдарламасы, Вудро Вильсон атындағы орталық және Аналитикалық Кеңес қатысты. Заманауи ақыл-ой орталықтарының жұмыс жасаудағы жағдайлардың ауырлауына қатысты сұрақтар пікірталастың ортақ тақырыбына айналды.

Сапар нәтижесінде әлемдік экономика және саясат Институты делегациясы АҚШ-тың сараптама және талдау құрылымымен ынтымақтастық жөнінде бірқатар келісім жүргізді және «Астана клуб» халықаралық диалог алаңы жұмысына америкалық ақыл-ой орталықтарының қатысуын жоспарлады.

Встреча в World Resources Institute (слева-направо) Е.Салтыбаев, Д.Остин, А.Маргулан, Ж.Сарабеков, С.Бейсембаев Встреча с экспертами Pew Research Center (слева-направо) А.Маргулан, Дж.Пуштер, Е.Салтыбаев, С.Бейсембаев

 Встреча директора ИМЭП Е.Салтыбаева с президентом Global Security Institute Дж.Грановым Встреча в Институте Харримана при Колумбийском Университете (слева-направо) Ж.Сарабеков, Е.Салтыбаев, А.Кули, С.Бейсембаев, А.Маргулан

Встреча с руководством Фонда Теда Тернера (слева-направо) Дж.Граноф, Л.Тернер, Е.Салтыбаев, М.Ши, А.Маргулан, Ж.Сарабеков, С.Бейсембаев Встреча с руководством Фонда Теда Тернера Л.Тернер и А.Маргулан