ӘЭСИ директоры ЕО мен ОА серіктестігінің 25 жылдығына арналған халықаралық конференцияға қатысты

Дата события: 
26 February 2018

 

2018 жылдың 22 ақпанында ӘЭСИ директоры Ержан Салтыбаев Қазақстандағы Еуропалық одақ Өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен "ЕО пен Орталық Азия қарым-қатынасына 25 жыл: өткеннен болашаққа" атты халықаралық конференцияға қатысты.

ЕО мен Орталық Азия арасындағы серіктестіктің 25 жылдығына орай өткізілген шараға Еуроодақтың, Қазақстанның министрліктері мен ведомстваларының жоғары лауазымды өкілдері, Орталық Азия елдерінің ғалымдары мен сарапшылары қатысты.

 

Конференцияның ашылуында ЕО-ның Қазақстандағы делегациясының басшысы Траян Христеа, Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов, сонымен қатар, ЕО-ның Орталық Азиядағы арнайы өкілі Питер Буриан баяндама жасады.

Панельді сессиялар барысында саяси, экономикалық, сауда және аймақтық қауіпсіздік салалары бойынша ОА мен ЕО арасындағы екі жақты серіктестік пен халықаралық байланысты дамыту мәселелері талқыланды.

Қатысушылар 2019 жылы қабылданады деп жоспарланып отырған ЕО-ның Орталық Азиядағы жаңа Стратегиясы жобасына ерекше назар аударды.

 

Суреттер ЕО-ның Қазақстандағы Өкілдігінің фейсбуктегі ресми парақшасынан алынды