ӘЭСИ «Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды

Дата события: 
21 June 2018

 

Қазақ әліпбиінің латын әліпбиіне көшуі – мәні бойынша тарихи оқиға.

Ол қазақ тілінде сөйлейтін миллиондаған адамдар үшін, жаңа символикалық және мәдени дәуірге көшу белгісін білдіреді.

 Белгілі болғандай, қазақ әліпбиінің латын жазуындағы алғашқы екі нұсқасы (диграфтармен және апострофтармен) қоғаммен аса сыни қабылданған болатын. Нәтижесінде, 2018 жылғы 19 ақпанда қазақ тілінің фонетикалық ерекшеліктерін ескеретін, әліпбидің ақырғы нұсқасы Президент жарлығымен бекітілген болатын, бұл қоғамның шынайы кең қолдауына ие болды.

Бүгін, қазақ әліпбиінің латын жазуына көшуімен мен оның нақты нұсқасымен түбегейлі мәселелер шешілгенде, күн тәртібінде кең ауқымды сарапшылық диалогты талап ететін, бірқатар жаңа тәжірибелік шақырулар туындайды.

Олар сарапшылық қауымдастығының өкілдерімен, азаматтық белсенділер мен Қазақстанның ғалымдарымен ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасының Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтымен (ӘЭСИ) ұйымдастырылған, дөңгелек үстел шеңберінде талқыланды.

 А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының профессоры, ф.ғ.д. Зейнеп Базарбайқызының сөзінше, жаңа әліпбиді апробациялау үшін Латын жазуына көшу жөніндегі ұлттық комиссиясында 4 топ құрылды: орфография мен орфоэпия қағидаларын әзірлейтін орфографиялық топ, қазақ терминологиясын жүйелендіру үшін терминологиялық топ, латын жазу таңбаларын оқыту және әліпбиді білім беру жүйесіне енгізу бойынша әдістемелік топ және ІТ-шешімдер жөніндегі топ.

 «Осының барлығы латын жазу таңбаларындағы әліпбиді қоғамның өміріне  тиімді және ауырсындырмай енгізуге мүмкіндік береді»,- деді.

Өз кезегінде, ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының аға ғылыми қызметкері Нұркен Айтымбетов, Түркияның сәтті мысалын келтірді: «Өз уақытында Мұстафа Кемаль жаңа әліпбиді ұсынған кезде, барлығы қарсы болған. Алайда, түркиялық көшбасшының қатаң ұстанымдары мен қуатты насихаты арқасында Түркия латын әліпбиіне сәтті көшті.  Менің ойымша, бізде ақпараттық-насихаттық жұмыс жетіспейді. Біз өткізген сауалнамалар шалғай аудандарда тұрып жатқан адамдардың латын әліпбиіне көшудің мағынасын түсінбейтінін көрсетеді. Оларда жаңа әліпбидің артықшылығы туралы ақпарат жетіспейді».

Жалпы алғанда, дөңгелек үстелдің қатысушылары жаңа әліпбиге көшу бойынша саясатты іске асыруда жүйелі тәсіл қажет деген пікірмен келісті.  Азаматтармен және сарапшылық қауымдастықпен кері байланыс арқылы өмірдің түрлі аяларына латын жазу таңбаларын енгізу бойынша егжей-тегжейлі жоспарларды әзірлеу қажет. Бұл тіл реформасын іске асыру үдерісінде туындайтын, идеологиялық, ақпараттық, әлеуметтік және өзге де шақыруларды сәтті еңсерудің кепілі болып табылады.

 

  Анықтама үшін:

ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасының Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты (ӘЭСИ) 2003 жылы құрылған болатын.  Оның қызметі әлемдік экономика, халықаралық қатынастар, геосаясат, қауіпсіздік, интеграция мен еуразияландыру мәселелерін ғылыми зерттеуімен, сондай-ақ ҚР Тұңғыш Президентінің қызметін және оның Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде құрылуы мен нығайтылуына, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, бейбітшілік пен тұрақтылыққа жәрдемдесуіне қосқан үлесін зерттеумен байланысты.

ӘЭСИ өз қызметінде Қазақстандағы шынайы трансформация үдерістеріне жүйелік еліктіру мен қоғамдық пікірталасқа белсенді қатысуымен зерттеулердің тәуелсіз сипатын үйлестіреді.

 

Баспасөз  қызметі - 8 (7172) 708 315 (ішкі  511), pr@iwep.kz