Әлемдік экономика мен саясат институты (ӘЭСИ) «Қазақстандық сараптама орталықтар – жаңғыртудың интеллектуалды бастауы» тақырыбында конференция ұйымдастырды

Дата события: 
22 June 2018

 

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтында (ӘЭСИ), институттың 15-жылдығына орайластырылған, «Қазақстандық сараптама орталықтар – жаңғыртудың интеллектуалды бастауы» тақырыбындағы конференция өтті.

Конференция жұмысына ҚР Президентінің Әкімшілігі, ҚР Қауіпсіздік Кеңесі, мемлекеттік институттар мен жеке кеңестік талдамалы құрылымдардың өкілдері қатысты.

Өзінің алғы сөзінде ӘЭСИ Директоры Ержан Салтыбаев конференция тақырыбы Қазақстан жаңғыруының үрдістеріндегі талдау орталықтардың өсіп келе жатқан рөліне байланысты таңдалғанын атап өтті. «Алдымызға ортақ мәселелер қойылған. Бүгін, біз «сағат теңестіре» отырып, Қазақстанда мемлекеттік мекемелерді сарапшылық сүйемелдеу және жалпы стратегиялық кеңес беру салаларын әрі қарай дамыту жолдарын анықтай отыруды мақсат еттік», - деп атап өтті директор.

Конференцияның бірінші панельді отырысы «Мемлекеттік және жеке секторларды сарапшылық сүйемелдеу үрдістеріндегі талдамалы орталықтардың рөлі» тақырыбына арналды. Пікірталас қатысушыларының айтуынша, Қазақстанның бүгінгі талдау қызметтер нарығы қарқынды екпінмен дамуда және көптеген әр түрлі мамандандырылған ұлттық және жеке қызмет ұсынушылармен ұсынылған. Осы орайда, мамандар шетелдік кеңес беру ұйымдарының қымбат қызметтерін пайдаланудың жөнділігін талқыға салуда.

«Отандық талдау орталықтарының әлеуеті зор, алайда, түрткі беру үшін оларға нарықтық жағдайда жеке сектор қажеттіліктеріне деген бағдарын күшейте түсу қажет», - дей келді Dasco Consulting Group басқарушы серіктесі, Дармен Садвакасов.

Талқы барысында талдау құрылымдарының жұмысына кері әсерін тигізетін үш негізгі мәселе анықталды: отандық нарықтағы мамандар біліктілігінің жеткіліксіз деңгейі немесе олардың жетіспеушілігі, орнатылған сала бойынша зерттеулер жасаудың жеткіліксіз тәжірибесі, техникалық мәселелердің қате құрастырылуы (салдарынан, мамандар неғұрлым тиімді ұсыныстар жасай алмайды), және нарық пен төрешілдік үрдістерге байланысты шектеулер. Сонымен қатар, бұл тізімге ұйымдастырушылық, қаржылық, заңгерлік мәселелер тобын жатқызуға болады.

«Халықаралық деңгейдегі Қазақстандық талдау орталықтары: жеңістері мен тәжірибесі» атты екінші панельді отырыс жұмысына Пенсильвания универститетінің (АҚШ) GlobalGoToThinkTankIndex ой-талқы орталықтарының жаһандық рейтингіне кіретін қазақстандық талдау құрылымдарының өкілдері қатысты.

«Рейтингке қатысу ҚР ой-талқы орталықтарына өз саласындағы халықаралық бенчмарктерге бағыттануға және басқа отандық thinktanks,  аймақ немесе сала бойынша әріптестерімен салыстырмалы түрде өз даму жетістігін бағалауға мүмкіндік береді. Рейтингтер біздің осал жерлерімізді көрсетеді, бұл талдау құрылымдарының мәселелерін, талмау тұстарын анықтаудың жақсы құралы»,- деп атап өтті пікірталас модераторы, ӘЭСИ әлемдік экономикалық зерттеулер бағдарламасының жетекшісі Сергей Домнин.

Отырыс қатысушылары қазақстандық ой-талқы орталықтарының мәселесі қызметкерлерінің құзырет деңгейінде емес, өз ұсыныстарын әлсіз жеткізу, бұқаралық ақпарат құралдары аясында тиімділігі төмен жұмыс атқаруында деген қорытындыға келді.

Талдаушылар пікірінше, отандық thinktanks жергілікті деңгейде де мықты сауда белгілерін құрмағаны тағы бір мәселе болып табылады. Мықты сауда белгісімен серіктес болу ұмтылысы тапсырыс берушілерді шетелдік талдау құрылымдарының бөлімшелеріне әкеліп соғады. Осыған орай, қазақстандық ой-талқы орталықтары дәйекті түрде өз сауда белгілерін күшейту қажет.

 

Анықтамалық:

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының жанындағыӘлемдік экономика және саясат Институты (ӘЭСИ) 2003 жылы құрылған. ӘЭСИ қызметі әлемдік экономика, халықаралық қатынастар, геосаясат, қауіпсіздік, интеграция мен еуразияшылық мәселелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің қызметін, оның Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде құру мен нығайтудағы, халықаралық ынтымақтастық пен бейбіт өмірге және тұрақтылыққа қосқан үлесін ғылыми зерттеуге бағытталған.

ӘЭСИ өз қызметінде тәуелсіз сипаттағы зерттеулер жүргізу мен белсенді түрде қоғамдық талқылауларға қатысуды, сонымен бірге Қазақстандағы трансформациялану процесстеріне жүйелі түрде ат салысуды үйлестіреді. Институттың тәуелсіз қоғамдық мәртебесі оған елдің ұлттық мүдделерін анықтау және қоғам назарына жеткізу үдерісіне қатысуға мүмкіндік береді.

 

Баспасөз қызметі - 8 (7172) 708 315 (ішкі 511), pr@iwep.kz