Сарапшының пікірі

17 January 2018

Ағымдағы жылдың 16 қаңтарында басталған Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Америка Құрама Штаттарына ресми сапарын сәтті деп айтуға болады. Қазақстан мен Америка президенттерінің жеке кездесуі екі ел арасындағы өзара қарым-қатынас тарихының жаңа парағын ашып, бірқатар нақты нәтижелерге қол жеткізілді.

15 January 2018

Президент Жолдауында қаржы секторын қайта «жаңғырту» керектігі сөз етіледі. Сонымен бірге, меншік иелері өз қаржылық жобаларына лобби жасауына байланысты банк иелерінің жауапкершілігін арттыруға басымдық берілген. Осы орайда реттеуші тарапынан жүргізілетін бақылау ЕДБ пруденциалдық нормативтерін сақтап, проблемалық несиені азайтуға септігін тигізу керек.

11 January 2018

ҚР Президентінің Жолдауында жаңғырудың негізі ретінде қарастырылатын адами капиталдың дамуына басымдық берілген. Бұл заманауи сын-тегеуріндерге жауап беретін шешім, себебі, бүгінгі постиндустриалды даму, инновациялық экономика, білім экономикасы ғасырында жоғары деңгейлі маман, өз ісінің шебері кез-келген мемлекеттік артықшылығы болып табылады.

11 January 2018

Қазақстан Президентінің Америка Құрама Штаттарына жасағалы отырған сапары үлкен саяси, тарихи және экономикалық маңызға ие. Н.Назарбаев пен Д.Трамптың жеке кездесуі қазақ-америкалық қарым-қатынасқа тың серпін беріп, стратегиялық серіктес­тіктің жаңа деңгейге көтерілуіне септігін тигізері сөзсіз.

10 January 2018

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»

Құрметті қазақстандықтар!

Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді.

09 January 2018

Әлемдік экономика және саясат институтының (ӘЭСИ) сыртқы саясат бойынша сарапшысы Жұмабек Сарабеков Иранның бұрынғы президенті Махмуд Ахмадинежадтың «тұтқындалуы» туралы өз пікірін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

09 January 2018

2018 жылдың бірінші жартысында теңгенің бағамы бір доллар үшін 330-350 теңге аралығында өзгеруі мүмкін. Бұл пікірді Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қорының жанындағы Әлемдік саясат және экономика институтының (ӘЭСИ) жетекші сарапшысы Айжан Мұқышбаева білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

09 January 2018

КХДР мен Оңтүстік Кореяның жоғары өкілдерінің бүгінгі кездесуі Корей түбегіндегі қазіргі дағдарыстан шығу үшін өте маңызды. Пхеньянның өз ұстанымын өзгерту туралы шешіміне нақты не әсер еткені туралы Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты Еуразиялық зерттеулер бағдарламасының жетекшісі Руслан Изимов айтып берді.

29 December 2017

Елордамызда  халықаралық EXPO көррмесінің өткізілуі, Қазақстанның үшінші жаңғыруының басталуы, әскерлерді Сирияға жіберу туралы ұсыныстар осы және басқа да оқиғалар мен бастамалар қазақстандықтардың көзімен.  Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының жанындағы әлемдік экономика және саясат Институты (ӘЭСИ) «Ішкі саясат және әлеуметтік зерттеулер» бағдарламасының жетекшісі Серік Бейсембаев сонымен қатар еліміздің тұрғындары 2017 жылғы ең аты шулы оқиғаларға қандай пікірлер білдірді және осы жылы азаматтарды не алаңдатады.

06 December 2017

Мен үшін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Спикері Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан «Астана Клуб-2017» отырысына қатысуға шақыру алу үлкен құрмет. Мен оны көптен бері білемін, ол білікті дипломат ғана емес, кәсіпқой маман және зиялы адам, оның БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Женевадағы БҰҰ Бас директоры және басқа да жоғары лауазымдарда қызмет етуі көп нәрсені білдіреді.

Беттер