Сарапшының пікірі

14 September 2017

Мына сандарды көріп ойлану қажет. Колумб Жаңа Әлемге жеткен кезде, 15 мың тіл бар еді. Қазір 7 мыңы ғана қалды. Олардың 96% әлемнің тек 4% тұрғыны қолданады, бұл жойылу алдында тұрған тілдер. Жер шары тұрғындарының жартысынан көбі 9 тілде ғана сөйлейді (қытай, ағылшын, хинди, испан, француз, орыс және т.б.). Әр екі-үш ай сайын әлемде бір тіл жойылады және 2200 жылға қарай жер шарында небары 200-ге жуық «тірі» тіл қалуы мүмкін.

14 September 2017

Қазіргі Қазақстандағы латын қарпіне көшуге байланысты жүзеге асып жатқан реформа жайында қоғамда түрлі пікір қалыптасқан. Әлеуметтік желілерде бұл өзгерісті қолдайтын және сыни сипаттағы ойлар да айтылып жатыр. Жалпы, кез келген алдыңғы қатарлы елге тән ашық талқылау процесі жүруде. Соңғы парламентте ұсынылған нұсқаға байланысты туындаған қоғамдық резонанс соның айғағы.

12 September 2017

Қыркүйектің 10-11 аралығында Астанада өткен Ислам ынтымақтастық ұйымының ғылым мен технологиялар бойынша саммиті ислам әлемінің инновацияларды дамыту саласындағы жаһандық бәсекелестікке қатысатынын айқындады.

– Ерекше атап өтетін жайт, саммитті шақыру идеясын 2016 жылы Стамбулда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көтерген болатын. Қазақстанның бастамасы бойынша ИЫҰ аясында ғылыми-инновациялық дамуға бағытталған жаңа жалпы күн тәртібі әзірленді.

09 September 2017
Себебі неде? Бұл жауаптың сұрағы осы салаға арнайы зерттеу жүргізген Әлемдік экономика және саясат институтының жетекші сарапшысы Айжан Мұқышбаеваның сұхбатында.
08 September 2017
Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Жұмабек Сарабеков Өзбекстандағы валюталық реформа мен оның салдары туралы өз пікірін білдірді.
05 September 2017

Мьянмадағы рохинджа мұсылмандары мен үкіметтік күштер арасындағы бұрын да орын алған шиеленіс тағы да қайталанды. Оқиға болған жерлерде түсіріліп, қаза тапқан адамдар, өртенген үйлер мен мешіттер, сонымен бірге, қаптаған босқындар бейнеленген фотосуреттер мен видеолар әлемді дүр сілкіндіруде.

05 September 2017

Қыркүйектің 3-5 аралығында Қытайдың Сямэнь қаласында өтіп жатқан БРИКС саммиті қарсаңында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты «Еуразиялық зерттеулер» бағдарламасының жетекшісі Руслан Изимов аталмыш оқиғаның маңыздылығы мен Орталық Азия елдері үшін ашылатын даму перспективалары туралы russian.news.cn тілшісіне пікірімен бөлісті.

04 September 2017

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше болу Қазақстанның халықаралық деңгейдегі мәртебесін еселей түсетіні анық. Оның маңыздылығы мен сайлау үдерісінің қиындығын ескеріп, Сыртқы істер министрлігі қажетті нәтижеге қол жеткізу үшін аянбай тер төкті.

29 August 2017
Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтында (ӘЭСИ) мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, сарапшылар және ғалымдардың қатысуымен «Қазақстанның агроөндірістік кешені – экономиканың жаңа драйвері» атты дөңгелек үстел болып өтті
29 August 2017

Байлар мен кедейлер арасындағы кіріс-табыстың айырмашылығы әдеттегідей күресуге тұрарлық негативті жағдай болып табылады. Егер басқа қырынан қарасақ – даму факторы секілді? Қазақстанның осы бір үлкен әлеуметтік-экономикалық кемшілігін оның жетістігіне айналдыру мүмкін бе? Біздің өмірімізде бұл сценарий қаншалықты сәтсіз көрінгенімен, біз осы мәселені Әлемдік экономика және саясат институтының алдыңғы қатарлы сарапшысы Айман Жүсіповамен талқылауды жөн көрдік.

Беттер