Сарапшының пікірі

11 July 2017

Астанадағы Назарбаев университеті ғимаратында «Энергетикалық қауіпсіздіктің болашағы: Париж Келісімін қабылдағаннан кейінгі дәстүрлі және жаңартылатын энергия көздері» тақырыбында халықаралық семинар өтті.

Аталмыш шараны ұйымдастырушылар – Лондон Корольдік колледжінің Энергия мен қор қауіпсіздігінің Еуропалық орталығы (EUCERS), Азия-Тынық мұхит аймағы (RECAP) мен АҚШ-тың Атлантикалық Кеңесі (ACUS) бойынша Конрад Аденауэр атындағы Қордың энергетикалық қауіпсіздік пен климаттың өзгеруі бойынша аймақтық бағдарламасы.

10 July 2017

Кездесуге қатысушылар – әлемнің ірі экономика көшбасшылары еркін сауда мен ашық нарық мәселелері бойынша келісімге келе алды. Нақты айтқанда, клубтың барлық мүше-мемлекеттері, соның ішінде Құрама Штаттары қолдаған ДСҰ шарттарын айналып өтетін протекциондық шараларды қолданбау туралы келісімге қол жеткізілді. Вашингтондағы жаңа әкімшілік АҚШ-қа импортты шектеу мен баж салығын ұлғайту мүмкіндігін қарастыруда, бұл өз кезегінде әлемдік сауда ережелерінің өзгеруіне әкелуі ықтимал.

01 July 2017

Сарапшылар бірнеше рет атап өткендей, былтырғы жер дауына қатысты митингтер ең алдымен ұлттық-патриоттық сипатта орын алған. Қытайлықтарға жерді сатуға және жалға беруге қарсылар туған жерге, тарихқа және тәуелсіздік секілді ұғымдарға жүгінген.

29 June 2017

 Астанадағы «Назарбаев орталығында» Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің 25-жылдығына орай халықаралық конференция өтті. Конференция аясында қазақстандық және шетелдік дипломаттар, мемлекеттік органдар өкілдері мен алдыңғы қатарлы аналитикалық және академиялық орталықтардың сарапшылары жаһандық гуманитарлық дамудың заманауи үрдістер мәнмәтініндегі Қазақстанның сыртқы саясатының болашақтағы даму бағыттары мен жетістіктерін талқылады.

22 June 2017

Мұнай құны соңғы 8 айдағы антирекордты жаңартты. Қара алтынның бір баррелі бүгін 45 доллардан сатылып жатыр. Биржадағы баға осылайша бір күнде 2 жарым пайызға арзандап, экономикасы қара алтынға тәуелді бірқатар елдердің валютана кері әсер етті. Қаржы нарығындағы бұл өзгеріс, онсыз да біраздан бері тоқтаусыз төмендеп жатқан теңгені де айналып өткен жоқ. Айырбас орындарында қазір доллар 328 теңге 70 тиыннан сатылуда. Ал тіс қаққан сарапшылар бұл әлі өзгерістің басы ғана деп отыр.  

20 June 2017

Францияда өткен парламенттік сайлаудың екінші кезеңі жаңа сайланған ел президенті Эммануэль Макронның позициясын одан әрі бекіте түсті.

Макронның «Алға, республика» партиясы француз парламентінде ең көп орынға ие болды (577 мандаттың 308-і). Сонымен қатар, оған одақтас «Демократиялық қозғалыс» (MoDem) центристік партиясы 42 мандатты иемденді. Нәтижесінде, бүгінгі таңда Ұлттық жиналысты президент жақтастарының абсолютті көптігі жасақтады.

15 June 2017
Бүгін Х Астаналық экономикалық форум аясында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтында алдыңғы қатарлы қазақстандық аналитиктер сын-қатерлер саласындағы танымал америкалық сарапшы Нассим Николас Талебпен кездесті.
09 June 2017

Шынхай ынтымақтастық ұйымының жауапкершілік аумағы кеңейді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берген саясаттанушы, Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Жұмабек Сарабеков мәлім етті. «Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесі отырысының тарихи маңызы бар. Атап айтқанда, ұйым тарихында мүше мемлекеттер саны артып отыр, яғни Астана саммитінде ШЫҰ-ның кеңею үдерісінің бірінші кезеңі жүзеге асырылды. Сондықтан бүгінгі оқиғаны өте маңызды сәт деп сенімді түрде айтуға болады»,-деді Сарабеков.

07 June 2017

Бахрейн, Сауд Арабия, Біріккен Араб Әмірліктері, Мысыр, Ливия, Мальдив, Маврикий мен Йемен мемлекеттері Катармен дипломатиялық қарым-қатынасты, сонымен бірге, әуе және теңіз қатынастарын үзетіндіктерін мәлімдеді. Бұл аталған мемлекеттер Катарды аймақтағы жағдайды тұрақсыздандырды, террористік және экстремистік қызметпен айналысты, Иранға қатысы бар топтарды қаржыландырып, «Ағайынды мұсылмандар» исламдық ассоциациясының көшбасшыларын жасырды және «Аль-Каида» мен «Ислам мемлекеті» идеологиясын насихаттады деп айыптауда.

07 June 2017
Әлемдік экономика және саясат институтының ішкі саясат және әлеуметтік зерттеулер бағдарламасының жетекшісі, әлеуметтанушы.

Беттер