Оқиғалар

23 June 2017
Дата события: 07 June 2017

 

05 June 2017
Дата события: 05 June 2017

 

Астанада Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің «Ел басқару жөнінде» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Шараның ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы  кітапханасының Аналитикалық орталығы, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты мен Қытайды зерттеу орталығы. Си Цзиньпиннің кітабын ҚХР азшылық ұлттар баспа үйі қазақ тіліне тәржімалады.

22 May 2017
Дата события: 22 May 2017

 

Тұңғыш Президент – Елбасы қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының ұйымдастыруымен «Жаңғыртудың басты факторы – адами капитал сапасы» атты дөңгелек үстел өтті.

03 May 2017
Дата события: 03 May 2017

 

2017 жылдың 1-3 мамыры аралығында Жанпонияның Иокогама қаласында «Ақыл-ой» орталықтарының Жаһандық Саммиті өтті (Global Think Tank Summit 2017). Шараны ұйымдастырушылар: Азиялық даму банкі Институты (ADBI) және Пенсильвания университетінің «Сараптық-аналитикалық орталықтар және азаматтық қоғам» (TTCSP) бағдарламасы.

28 April 2017
Дата события: 28 April 2017

 

Ағымдағы жылдың 28 сәуірінде Алматы қаласында ҚР Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Қоры жанындағы Әлемдік экономика мен саясат Институтының (ӘЭСИ) қызметкерлері Дж. Хопкинс Университеті (АҚШ) жанындағы озық халықаралық зерттеулер Мектебінің аға профессоры Дэниель Маркимен кездесті.

26 April 2017
Дата события: 26 April 2017

 

Үстіміздегі жылдың 26 сәуірінде Астана қаласында ҚР Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты (ӘЭСИ) қызметкерлері Азия даму банкінің (АДБ) консультациялық миссиясымен кездесті. Кездесуде Орта-Азиялық аймақтық экономикалық серіктестіктің (ОАЭС) 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді жаңа Стратегиясы талқыланды.

21 April 2017
Дата события: 21 April 2017

2017 жылдың 21 сәуірінде ӘЭСИ директоры Ержан Салтыбаев ғалымдардың Пагуош қозғалысының (ҒПҚ) Бас хатшысы Паоло Котта-Рамусиномен кездесті.

19 April 2017
Дата события: 19 April 2017

Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы стратегиялық салалардағы әріптестік базасы кеңейтілді. Ең алдымен, Стратегиялық әріптестік туралы келісім жаңартылып отыр. Оған қоса, тараптар мемлекеттік шекараны демаркациялау бойынша келісімге қол қойды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Жұмабек Сарабеков айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

Оның пікірінше, Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтың Қазақстанға сапары өте жемісті болды.

14 April 2017
Дата события: 13 April 2017

Білім – бүгінгінің басты қажеттілігі. Дүниетанымы кең адам ғана бәсекеге төтеп береді деген сөз. Өскелең ұрпақты әуелі білімге құштар болуға үндеудің сыры осында.

Беттер