Оқиғалар

11 December 2017
Дата события: 11 December 2017

 

2017 жылдың 11 желтоқсанында Әлемдік экономика және саясат институтында ӘЭСИ директоры Ержан Салтыбаев пен әлем мен АҚШтың ең беделді «ақыл-ой орталығының» бірі Вудро Вильсон атындағы Халықаралық ғылыми орталық делегациясының кездесуі өтті.

07 December 2017
Дата события: 07 December 2017

 

Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтында (ӘЭСИ) «Жаңғыру және дамудың ұлттық жолы: тарих сабақтары мен болашақтың сын-тегеуріндері» атты дөңгелек үстел өтті.

28 November 2017
Дата события: 28 November 2017

 

Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының алматылық кеңсесінде отандық сарапшылар, қоғам қайреткерлері мен зиялық қауым өкілдерінің қатысуымен «Қазақ тілін латыншаға көшіру: түйткілді мәселелер мен оларды шешу жолдары» атты дөңгелек үстел өтті.

13 November 2017
Дата события: 13 November 2017

 

Елбасы Астана клубы Еуразия құрлығының болашағы үшін өзекті мәселелерді кең ауқымды сараптамалық деңгейде талқыға салатын бірегей өңірлік басқосу алаңы екенін атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев Астана клубының жұмысы аясында қазіргі заманның түйткілді мәселелерін шешудің тиімді жолдарын табуға болатынын айтты.

11 November 2017
Дата события: 11 November 2017

 

Астана клубының үшінші отырысы қарсаңында Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшылары, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының басшылығы атақты америкалық саясаткер, геосаясат және стратегиялық болжау саласының маманы Джордж Фридманмен кездесті.

31 October 2017
Дата события:
13 November 2017 to 14 November 2017

 

Жоғары лауазымды саясаткерлер, бұрыңғы мемлекет басшылары, дипломаттар мен әлемнің 28 елінен келетін алдыңғы қатарлы сарапшылар Назарбаев орталығының пікірталас алаңында бас қосады.

2017 жылдың 13-14 қарашасында «Үлкен Еуразия – 2027: конфронтация және серіктестік» тақырыбындағы Астана клубының үшінші отырысы өтеді.

18 October 2017
Дата события: 18 October 2017

 

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының ішкісаяси және әлеуметтік зерттеулер бағдарламасының жетекшісі Серік Бейсембаев Конрад Адэнауэр атындағы Қор өкілдігі мен ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының серіктестігімен Астана қаласында ұйымдастырылған «Этникалық топтардың бейбіт өмір сүруін қалыптастыру стратегиясы» атты конференцияда «Қазақстанның оңтүстігіндегі этникааралық жағдай: формальді емес жұмысбастылық факторы» баяндамасын оқыды.

17 October 2017
Дата события:
16 October 2017 to 17 October 2017

 

Ағымдағы жылдың 16-17 қазан күндері Chatham House Корольдік халықаралық қатынастар институтының шақыруы бойынша, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының (ӘЭСИ) директоры Ержан Салтыбаев «Белдеу және жол. Қытайдың көшбасшылық бастамасы және оның әлемдік экономикаға ықпалы» атты конференцияға қатысты.

28 September 2017
Дата события: 28 September 2017

 

Елімізді модернизациялау міндеттері аясындағы отандық бұқаралық мәдениеттің рөлі қандай? Мемлекет осы саланы дамыту және қолдау бағытында, мемлекеттің өзіндік ерекшелігін және қажеттілігін ескере отырып, қандай шаралар атқаруы тиіс? Бұл екі мәселе 28 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтында (ӘЭСИ) өткізілген «Жаңғырту және бұқаралық мәдениет: проблемалар және перспективалар» атты дөңгелек үстелдің аясында талқыланды.

21 September 2017
Дата события: 21 September 2017

 

Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қордың биылғы 8 айда атқарған жұмысы мен іске асырған жобалары, сондай-ақ оны одан әрі дамыту жоспары жөнінде есеп берілді.

Беттер