Ленинге шүйлікті

Жас қазақ

Ресей президенті Владимир Путин 21 қаңтарда «большевиктер көсемі Владимир Лениннің автономия туралы айтқаны Ресей іргетасына қойылған «атом бомбасымен» бірдей болды. Ол 1991 жылы КСРО тараған кезде жарылды» – деп мәлімдеді. Әрине, оның айтқаны сан-саққа жүгіртілді.

Біріншіден, бұл – большевиктердің Ресей тарихындағы рөлі жайындағы мәселе. Қазір Ресей екі бірдей империяға арқа сүйеуге тырысады. Ол – Ресей және Кеңес империясы. Әйтсе де, большевиктердің Ресей империясын түп-тамырымен қопарды деу әлгіндей байланысты жоққа шығарады.

Екіншіден, Ленинді ашықтан-ашық сынау қазіргі ресейлік коммунистерге қарсы қарекет секілді көрінуі мүмкін. Күзде Ресейдің Мемлекеттік думасына сайлау өтетінін де ескерген жөн. Оған депутаттардың тең жартысы бір мандатты округ бойынша сайланады. Ал бүгінгі дағдарыс кезінде, тіпті қазіргі шама-шарқына қарамастан, Ресей коммунистері ел ішіндегі қарсылықты пайдаланып кетуі мүмкін.

Үшіншіден, автономия туралы идея тек ұлттық мәселе ғана емес, ресейлік аймақтардың рөлін күшейту ретінде де қарастырылуы мүмкін. Алып Ресейдің жағдайында орталық биліктің әлсіреуі кейбір аймақтардың күшеюіне әкелуі мүмкін. 1917 жылғы төңкерістен кейін, ұлттық автономия құруға грузин, армян, қазақ, башқұрт сияқты халықтар ғана емес, сонымен бірге Сібір, Кубань және басқа да автономшылар үмітті болды. 1990 жылдары Орал және Қиыр Шығыс республикаларына қатысты идеялар айтылды. Осыған орай Евгений Примаковтың соңғы кітабы еске түседі. Онда Ресейде келешекте күшті аймақтар болуға тиіс делінген.

Негізі, Ресей президенті автономия идеясын сынаудың көмегімен орталықтандырылған мемлекет тұжырымдамасына қолдау көрсетті деуге болар еді. Бірақ Ресейде күшті билік вертикалі орын алған жағдайда мұның оған не қажеті бар деген сауал туындайды. Қайткенде де, Ленин идеясын сынау өткенге емес, бүгінге бағытталса керек. Путинді Ленин мен большевиктер саясатынан гөрі, бүгінгі түйткілдер көбірек алаңдатары сөзсіз. Дегенмен 1917 жылғы төңкерістің жүз жылдығы жақындаған сайын екі орыс төңкерісіне, олардың Ресей мен кезінде соның құрамында болған халықтарға тигізген салдарын саралау қажеттігі туындайды. Мәселен, қазақ халқы үшін осы төңкерістің екеуі де айтарлықтай өзгеріс алып келді.
Біріншісі – ақпан төңкерісі – Ресей империясын құлатты. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс сәтсіз аяқталған кейін жүз мыңдаған адам қазақ даласын тастап кетуге мәжбүр еді. Осы тұрғыдан алғанда, маңызын жоққа шығаруға болмайды. Алғашқы төңкерістен кейін көшіру саясаты тоқтады. Оған қоса, ақпан төңкерісі бұрынғы империя­ның шал­ғайдағы ұлт аймақ­тарында саяси белсенді­ліктің өсуіне түрткі болды. Сол кезде бұл аймақтарда алғашқы автономиялар, соның ішінде қазақ автономиясы пайда болды.

Екінші (Қазан) төңкерісі большевиктер билігін орнатты. Мұнда ұлттық қозғалыстардың күш-қуаты большевик жауларына қарсы күреске бағытталды. Соның нәтижесінде Ресейдегі ұлттық қозғалыс атаулы большевиктерді қолдады. Өз кезегінде олар ұлттық-мемлекет құрылысы тұжырымын жүзеге асырды. Пайда болған автономиялар шартты сипатта болғанымен, КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстан сияқты жаңа тәуелсіз мемлекеттер үшін негізге айналды. Дәл осы большевиктер кезінде қазақ халқын аштық тұралатып, саяси репрессиялар тұңғыш қазақ зиялыларының бәрін дерлік қырып салғаны белгілі. Бұдан басқа, орыс тіліне жартылай көшіру – Қазақстанның кеңес дәуіріндегі басынан өткерген теперіші. Бірақ дәл осы КСРО кезінде дәстүрлі өмір сүру салты жаппай жаңғыртылды. Бұл сыртқы әлеммен байланыс орнатуға дайын бүгінгі Қазақстанның өмір сүруін оңайлатты. Әйтсе де, тарихты бұрып әкеліп, өзгерте алмаймыз. Қаншама мүмкіндікті жіберіп алғанымызбен, болары болды. Егер большевиктер мен Қазан төңкерісі болмағанда, 1917 жылғы ақпаннан кейін, бәлкім, Ресей республикасының Германия мен оның одақтастары жеңіліс тапқанға дейін өмір сүруге шамасы жетер еді. Ол тіпті Бірінші дүниежүзілік соғыстағы жеңімпаздар қатарынан көрінер еді. Бәлкім, одақтастар арасындағы 1915 жылғы құпия келісімге сәйкес, түріктің Босфор және Дарданел бұғаздарын иемденер еді. Алайда мұның бәрі болмай қалды. Сондықтан өткенге қайта оралу – қазіргі заманда үздік тактика деуге келмейді. Жүзеге асырылуы қиынға соғатын бос үміт туындатады.

Осы орайда президент Путиннің айтқан ойына қатысты Ресей сайттарының бірінде жарияланған мына бір пікір көңіл аударуға тұрарлық. «Президенттің КСРО-ны құрушыға толық баға беруге ұмтылмағаны анық. Ол талас тудырмайтын ойын ортаға салды: Ресей империясы орнына федеративтік республиканың құрылуы оның іргетасына бомба қойды. Ол 1991 жылы жарылды. Сөйтіп, ширек ғасырдан бері соның ең үлкен сынығы – Ресей Федерациясы – әлі күнге дейін тарихи Ресейдің басын біріктіре алмай келеді. Ыдырап, бөлшектенген дүниені қайта қосу үшін қаншама онжылдық қажет боларын ешкім білмейді. Оның үстіне орыс әлемін және бүгінде бір түрлі аталатын «посткеңестік кеңістікті» реинтеграциялау процесіне барынша қарсылық көрсетіп отырған сыртқы күштер барын ескеру керек». Мұндағы мәселе, тіпті де «тарихи Ресейдің басын қосу» қаншалықты мүмкін дегенге тірелмейді. Бұл Ресейге қаншалықты қажет? Оның жерді қайтару саясатына жұмсайтын қоры мен мүмкіндігі жеткілікті ме? «Жұмсау» бұл арада тек «жерді жинақтау» процесіне жұмсалатын шығын ғана емес, оны кейін де асырау дегенді білдіретінін айту керек. Тарихта империялық кезеңде жаңа аумақтардың қосылуы әманда экономикалық мағынаға ие еді. Ленин мен большевиктер Ресейде автономшылардың қозғалысын ұйымдастырған жоқ. Оны өздерінің нақты мүддесінде алға шығарды. Иә, орталықтандырылған мемлекет әлсірегенде КСРО-ға қойылған «атом бомбасы» жарылды. Оған экономиканың тиімсіздігінен туындаған қор тапшылығы түрткі болды. Әрине, Батыс пен Сауд Арабиясы да КСРО-ның құлауына жәрдемдесті. 1985 жылы мұнай бағасын құлдырату арқылы

Рубрики:  Россия