Қазақстандық ақыл-ой орталықтарын жаһандық сараптама жүйесіне интеграциялау

Дата события: 
30 января 2018

 

2018 жылы 30 қаңтарда Астанада Назарбаев Орталығында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының жанындағы әлемдік экономика және саясат Институты (ӘЭСИ) мен ҚР ұлттық экономика Министрлігінің экономикалық зерттеу Институты Why Think Tanks Matter 2018 әлемдік форумы аясында «Қазақстандағы ақыл-ой орталықтарының рөлі» атты конференция өткізді.

Іс-шара Пенсильвания Университетінің ақыл-ой Орталықтары және Азаматтық Қоғам халықаралық бағдарламасының қамқорлығымен өткізілді.

Алғаш рет Қазақстанның зерттеу институттары мен жетекші талдау ұйымдары бірлесе отырып, бүкіл әлемдегі 160 жуық ақыл-ой орталықтары қатысқан, жыл сайынғы жаһандық форумға қатысты.

30 қаңтарда бір уақытта ғаламшардағы 100 қалада әр түрлі іс-шара ұйымдастырылды, олардың қатарында енді Астана да бар.

Қазақстандық сараптама қоғамдастығына Пенсильвания Университетінің зерттеу ұйымдары мен азаматтық қоғам зерттеу бағдарламасының директоры Джеймс МакГанн өзінің бейне қоңырауында «Global Go To Think Tank Index Reports» жетекші ақыл-ой орталықтарының Жаһандық рейтингісінің 11-ші басылымымен таныстырды.

- Бүгінгі таңда бір мезгілде сандық және саяси тұрақсыздық дәуіріндегі ақыл-ой орталықтарының рөліне арналған жергілікті іс-шаралар өткізілуде. Вашингтонда Брукинг институты, Жаңа америкалық қауіпсіздік Орталығы, «Мұрагер» Қоры Президенттері мен бірге 60 астам талдау ұйымдарының жетекшілері қатысады. Нью-Йорктегі іс-шараға Австралияның бұрынғы премьер-министрі Кевин Радд қатысады, - деп атап өтті Дж.МакГанн.

Ол ақыл-ой орталықтарын сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті болып қалу үшін өз стратегияларын, талдау мен зерттеу құрылымы мен процедураларын бейімдеуге шақырды.

ӘЭСИ алаңындағы конференция барысында қазақстандық жетекші саясаттанушылар, экономисттер, әлеуметтанушылар, құқықтанушылар, тарихшылар мен басқа бағыттағы сарапшылар елдегі ақыл-ой орталықтарының дамуы мен жұмыс істеуіндегі анағұрлым өзекті мәселелерді талқылады.

Еуразиялық зерттеу Бағдарламасының жетекшісі Руслан Изимов, ӘЭСИ жұмысымен таныстыра отырып, «ақыл-ой орталықтары» сыртқы саясаттың құрылымына қалай ықпал ететіндігін атап көрсетті.

- Бүгінгі таңда әлемде талдау құрылымы рөлін тым жоғары бағалау бар екені құпия емес. Бұл әлемдегі оқиғалардың қарқынды өсуімен байланысты. Егер он жыл бұрын белгілі бір үрдістің пайда болуы мен дамуына 8-10 жыл қажет болса, қазірде мұндай оқиғалар 2-3 жыл ішінде пайда болып және жоғалып кетуі мүмкін, - деп нақтылады Р.Изимов.

Сарапшының айтуынша, әлемдік уақытты жылдамдату мемлекеттік институттардан дайындық деңгейін жоғарылату мен аталмыш оқиғаларды

жедел бағалап, қажетті шешімдерді қабылдауды талап етеді.

- Бұл жаңдайда сараптама-талдау құрылымдарының жұмысы бұрынғыдан да өзекті болмақ. Мысалға, ӘЭСИ саяси сараптама нарығында 15 жыл көлемінде жетекші орынды алып келеді, - деп көрсетті Р.Изимов.

Конференция қатысушылары мәселелерді талдау және өзіндік сараптама қоғамын дамыту үшін біріккен кздесулерді тұрақты өткізіп тұру маңыздылығын айтты.

Өткізілген пікірталас барысында нақты бір елдер мен аймақтарда мамандандырылған сарапшылар жоқтығы, бір ғана тапсырыс берушіге тәуелділік тұрғысынан ақыл-ой орталықтарын қаржыландыру мәселесі, қолданбалы жедел талдау өткізу мен іргелі зерттеу жүйесі қажеттілігі, мемлекеттік ұйымдармен бірлесіп жұмыс атқаруды күшейту мен мемлекеттік даму бағдарламаларын жасауға сарапшыларды белсенді түрде тарту және басқа да мәселелерге аса мән берілді.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының жанындағы әлемдік экономика және саясат Институты (ӘЭСИ), ҚР ұлттық экономика Министрлігі жанындағы экономикалық зерттеу Институты, ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеу институты салтанатты түрде ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.